Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
176
21.30
Басқарады Қара Түн —
Енді Тәулік-Кемемді.
Қайырлы түн, Сағатым!
...Ұйықтаймын мен енді.
Іздемесін Түнгі Ызғар,
Күтсін Аспан-Зер Кілем.
Қайырлы түн, Жұлдыздар!
...Ұйықтаймын енді мен.
Күндіз әбден самғадың,
Күндіз көкке көшті әнің —
Ұйықтап ал, Арманым!
Сен де ұйықта, Жоспарым!
Түн, біз — Кірпік-Құсыңбыз,
Күттік осы кезеңді.
...Тез ояну үшін біз —
Ұйықтап қалдық тез енді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇