Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар съезі)

Қырқыншы ма,
Елуінші ме ғасырда
Ғасырлар жиналып, ғасырлар съезін ашуда
Адыра қалып алтының мен ураның,
Парасат, ақыл арнаға сыймай тасуда.
Өткен ғасырлар, жеткен ғасырлар жиналып
Таңырқар сонда жиырмасыншы ғасырға! .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар перзенті)

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық,
Бақытты әперер
Перзентке зәру боп, шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»

деп жазған екен.

Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта....
Шығармалар
Толық

ЖИТС (СПИД) – ХХІ ғасыр індеті

Тәрбие сағатының тақырыбы: СПИДХХІ ғасыр індеті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағаттар
Толық

Тарих | Орта ғасыр

Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп ,қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі-«Тарих-и-Рашиди».Мұның авторы –тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен ,өз ұрпағына ұзақ уақыт бойы назар аудармай келген.Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүене аламыз.Тарихшы –қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді.Бірақ ,қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
«Тарих-и-Рашидиді»жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499жылы Ташкент қаласында ,Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күеу баласы ,ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.Оның атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати.Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар деп аталады.Тахаллусы (бүркеншік есімі)-Аяз.Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған : «Алланың рахымы түскен пендесі,әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін(гурекен).мен алланың әмірімен ,аса бір қабілетім тасып ,іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен,ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп,қолыма қалам алдым.....
Рефераттар
Толық

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
Рефераттар
Толық

Пациентке бағытталған ХХІ ғасырдың дәріханасы

Қазіргі таңда жаңа ғалым жаңа заман демекші ХХІ ғасырда тек қана дәрханлардың қыметі жаңару үстінде емес, сонымен қатар басқа да сауда желісіндегі барлық орталықтар адамдардың көңілін аулау және өз саудасын алдыға жылжыту мақсатында көптеген әсемдікпен сауда орындарын жаңарту үстінде.
Соның ішінде пациенттке немесе сатып алушыға батғытталған ХХІ ғсырдың дәріханасында әрине барлықдәрі дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен таңу материалдары және тағы басқа мақсаттағы заттар толық, үлкен ассортименте болуы шарт. Әсіресе қазіргі таңдағы ХХІ ғасыр дәріханалары ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен тауарларды науқастарға немесе сатып алушылар өздері таңдап көре алатындай жағдай орналастыру қызметімен байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық

Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері Асан қайғы Қазтуған Шалкиіз және Жиембет жыраулар

Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
Рефераттар
Толық