Тарих | Орта ғасыр

Тарих | Орта ғасыр

Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп ,қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі-«Тарих-и-Рашиди».Мұның авторы –тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен ,өз ұрпағына ұзақ уақыт бойы назар аудармай келген.Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүене аламыз.Тарихшы –қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді.Бірақ ,қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
«Тарих-и-Рашидиді»жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499жылы Ташкент қаласында ,Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күеу баласы ,ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.Оның атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати.Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар деп аталады.Тахаллусы (бүркеншік есімі)-Аяз.Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған : «Алланың рахымы түскен пендесі,әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін(гурекен).мен алланың әмірімен ,аса бір қабілетім тасып ,іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен,ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп,қолыма қалам алдым.
Шығарманың қазақ таоихына байланысты беттерін әңгімелемес бұрын оның есіміне жалғанған бабалық атауы Дулаттар жайында бірер сөз қозғайық.Қазақ шежіресінде Дулат-Үйсіннен тарайтын тайпа ел.Олай болса біздің заманымыздың жыл санауынан бұрын ғұмыр кешкен Үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрамындағы тайпа .Ал біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үйсін мемлекетінің120мың түтінінде 630мың жан,188мын 800атты әскер болғаны Қытай жазбаларынан белгілі.Таяу арада бұл көне деректі қытай жылнамаларынан толықтырып,Шыңжаң қазақтарына «ханьнама», «Батыс өңір шежіресі»секілді соны еңбектер ұсынылды.
Хайдар мырзаның Дулат тегі сол Үйсін заманынан басталады. Үйсін Күнбиінің бір ұлы Далудаға еншілікке Іле бойын береді. Бұл ел Далу (Дулу, Дұғлат, Доғлат)аталады.С.Е.Маловтың зерттеуі бойынша күлтегін тас жазуындағы Бұмын Қаған,оның інісі Естемес қаған да Дулу болған. Дулулардын бір бөлігі һұндармен , Моншақ ханның баласы Атыл (Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл –Асрар фи Манакиб әл –Ахйарда» енбегінде Атил –Еділдің ежелгі атауы әскерімен Европа жазығына қатысты. Көптеген түркі тайпаларымен Басымал (арғын) ,найман, қоңырат , үйсін тайпаларымен одақтасып дулаттар бес жүз он бес жылы жужандарға бағынышты болуын тоқтатып , Юебан (Үрбі )одағын құрды. Оларға Бұмын қаған , Естемес қаған қолбасшы болды.
Бұл кітаптағы дерекке қарағанда он төрт,он бесінші ғасырларда Моғолстанға ,Могол мемлекетіне қараған Жетісу , Қашқар аймағы –кезіндегі Үйсін мемлекеттік бірлестігінің иелігі еді. Дулат үйсіннен тараған тайпа. Мұхаммед Хайдар Дулатидың бабасы Уртубуға моғол хандары Қашғардағы Манғылай –Сүмбені тегінен иелікке бермегені осы жерде мәлім болады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың Моғолстан кезіндегі билік жүргізген ата-бабалары былай таратылады : Бобдахан-Ұртубу-Болатшы –Құдайдат-Сейт Ахмет –Сейітәлі-Мұхаммед Хаидар.
Осылардын ішіндегі тарихта ерекше аталатыны – Болатшы. Бір мың үш жүз алпысыншы ,алпыс екінші жылдары шамасында қайтыс болады.Бір мың үш жүз елу тоғызыншы жылы ол Құндызда Тұғылық Темір ханнан моғол тілінде , моғол әрпімен жазылған мадақтама алады. Болатшының бауыры Түлек те , Кәмалладдин де ұлыс бектері һәм әскери қолбасшы болған .Сонғысы Тұғылық Темірдің баласы Ілияс Қожаны өлтіріп ,моғолстанда өкімет билігін басқарады.Ал Сейітәлі әмір Уәйіс ханның әскери қолбасшысын , Қашқардағы Ұлысбектің нәмергерін қуып шығып ,Қашқарда ұзақ жыл билік жүргізді.Бұлардын есімдерінің артына Дулат жалғанып отырған.
Сонымен жоғарыда келтірген деректерге қарап , Хайдар мырзаның есіміне , оның бабаларының аты-жөніне Дулат тайпасының атауы бекер қосарланбағанын байқаймыз . Оған бір тиек – оның ата-бабасының Қашғария мен Жетісуға билік жүргізгені.
«Тарих-и-Рашидидің» өзге тарихи шығармалардан ерекшелігі – ондағы тарихи атау, жағрафиялық атауларға ғылыми түсінік беріп отырмаса , бүгінгі оқырманға ұғымсыз жері мол . Сондықтанда еңбекте жиі аталатыны Моғол ,Моғолстан ,Моғол мемлекеті ,Ұлы моғол мемлекетіндегі «моғолды» моңғолдармен шатыстыруға болмайды. Ш.Уәлиханов ,В.Григорьев ,Г.Левшин сияқты ғалымдардың түйінді пікірлері бар.Моғол- жете-чете-жалайыр жұртының орта ғасырдағы атауы. Егер четенің шығу тегін қарастыра берсеңіз тым алысқа, көнеге сапар шегесіз.Дүние жүзінің екінші ұзтазы аталғанданышпан ғалымымыз Әбунасыр әл-Фараби өзінің музыкалық трактатында : «Менің шыққан тегім четеде музыкалық оқулық болмағандықтан араб әдебиетін пайдаландым»,-дейді. Ал Алтын Орданың бегі Чете мырза мын үш жүз отызыншы жылы ұлы княз Иван Даниловичке келіп сіңген.Четеден тараған бүгінгі орыс халқының құрамындағы көп кездесетін тұқым Сабуров,Годунов,Вельяминов –Зерновтар-түбі бір туыстар.Вельяминов –Зернов Ораз Мұхаммед пен Қасым хандығы жайында зерттеу жүргізіп , біз әңгімелеп отырған «Тарих-и-Рашидиден» алғаш рет орыс тілінде үзінді аударған.
Көлемі елу баспа табақ.Алдымен екінші дәптері жазылады . Екінші дәптерін ол 1546жылы наурыздың үшінші жұлдызында Кашмирде аяқтайды.Кітаптың «Рашидидін тарихы»аталуының үш түрлі себебі бар екені еңбекте ескертіледі: «Әуелі , Тұғылық Темірді ислам дініне құлшылық еткізген шеих Аршад ад-динге бағыштадым;халқын ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?