Қазақша реферат: Жамал Қарши (1230-1315) » ZHARAR © 2017 | жамал қарши туралы қазақша реферат, жамал карши туралы казакша реферат, жамал карши туралы казакша омирбаяны, жамал қарши туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жамал карши




  • »

Қазақша реферат: Жамал Қарши (1230-1315)

Қазақша реферат: Жамал Қарши (1230-1315) казакша Қазақша реферат: Жамал Қарши (1230-1315) на казахском языке

Жамал Қарши - Қазақстанның Жетісу аймағында туып-өскен тарихшы, жазушы, ғалым (шын аты-Абдул-Фазал ибн Мұхаммед) (1230, Алмалық-1315). Әкесі Мұхаммед Баласағұн қаласында туылған. Алмалыққа келіп, өсе келе Шағатай ханға қызмет еткен. Жамал Қарши әкесімен бірге қаңлы тайпасының ортасында болып, бала күнінен өз жері мен елінің тарихи шежіресін, аңыздарын тыңдаған. Алмалық пен Қашқарда білім алып, араб, парсы әдебиетін оқып үйреніп шыққан. Жамал Қаршисол заманда Орталық Азия мен Жетісуда болған оқиғаларды жете біліп, оны хатқа толық түсірген ғұлама ғалым. Ол оқиғаларды көзімен көріп, ал өзінен бұрынғыларын кемеңгер қариялардан естіп білген. Сондықтан оның жазғандары аса түсінікті, әрі айқын берілген. Жамал Қаршидың мұндай қасиетін Жетісудың (одан үш ғасырдан соң жасаған) тағы бір ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати ерекше бағалап, өзіне ұлы ұстазы санаған. Жамал Қаршидың еңбегі араб тілінде жазылып, «Мұлхақат ас-Сурах» («ас-Сурахқа қосымша») деп аталған. Онда 13–14 ғасырларда көкейтесті болған мәселелерді көтере білген.

Географияны, тарихты, мәдениетті тануда және сол кезде жасаған адамдардың өмірін білуде бұл еңбектің маңызы зор. Тарихи оқиғалардан Жамал Қаршидың үш дәуірді- оғыз-қарахан дәуірін және Шыңғыс хан дәуірінің алғашқы кезеңінен тамаша суреттелген Жамал Қаршидың айтуынша, ғұлама ақындардың көп шыққан жері-Сырдарияның жағасы. 13 ғасырда Сыр бойында жасаған ғұлама ақындардың ең күштісі Хисамеддин (Құсам) Баршынғали болған. Ол кісімен танысып әңгімелесу үшін Жамал Қарши1273 жылы Алмалыққа Сыр бойын іздеп барған. Ол Құсамның дәрісін тыңдап, Сыр бойын аралап Жент қаласына дейін барған. Жол-жөнекей оғыз-қыпшақ ауылдарымен таныса жүріп, олардың қарияларынан шежіре, аңыз әңгімелерді жазып алды. Жент қаласында бірнеше күн болып, оның сырқы көрнісін, тарихи ескерткіштері жөнінде жазған. Жент қаласының базарын аралап, оның аса қызу, саудагерлердің көп жиналған жер екенін әңгімелейді. Ол кезде Сыр бойында негізінен қыпшақ тілі үстем болған. Жамал Қаршидың еңбегінде Орта Азия менҚазақстандағы қалалар, олардың шығу тарихы, құрлысы, мәдениеті, шаруашылығы, саяси тіршілігі тамаша суреттелген. Солардың ішінен Сыр, Талас, Жетісу бойындағы ірі қалалар: Алмалық, Баласағұн, Талас, Сайрам, Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сипатталады. Жамал Қарши-Қазақстанның ежелгі тарихының, саяси мәдени тұрмысының шежіресін жазып, өлкенің тарихи-географиясына көп үлес қосқан ғалым.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 28
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .