ЖИТС (СПИД) – ХХІ ғасыр індеті

 ЖИТС (СПИД) – ХХІ ғасыр індеті

Тәрбие сағатының тақырыбы: СПИДХХІ ғасыр індеті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.

Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата-ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.
Менің-дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі,аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.
Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен.
Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген,шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2.Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі-
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.

Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба

Қорытынды: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі