Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар
(XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. Әлеуметтік прогресс жолындағы қоғамның эволюция дәрежесінің сандық индикаторы ретінде Л.И. Мечников адамдардың қол жеткізген ынтымақтастық деңгейіне көңіл аударды. Өйткені ол табиғатта болатын тіршілік үшін күресті ығыстырды. Ынтымақтастықтың адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы айқындалғанына көңіл аударып, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің еркіндік дәрежесі сол өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола алады деп ойлады. Адамдардың ынтымақтастығы жүзеге асатын кооперациялардың тарихи типтері адамның ынтымақтастықтың қаншалықты қажеттілігін түсінуіне негізделеді. Тарих, Л.И. Мечниковтың пікірінше, кооперацияның еріксіз типіне (сырттан күш көрсетудің есебінен) бағынышты идивидтердің одағы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі себеп болған, «мүдделерінің ортақтығының, өзінің бейімділігі және ынтымақтастыққа сақалы тырысуының» арқасында қалыптасатын адамдардың ерікті ассоциацияларына бірте-бірте трансформациялану процесі. Әлеуметтік прогресс қоғамдық өмірде көрінетін күштеу, зорлау немесе билікке кері келетін болса, керісінше, еркіндік пен өзіндік сананың даму деңгейіне тікелей байланыста болатынын айта келіп, ойшыл бұл процестін механизмдерін, тарих кезеңдерінің ауысу кезендерін анықтауға тырысты.
Географиялық мектептерге тән тұжырымдама тұрғысынан қарастыруды басшылыққа алған Л. И. Мечников сыртқы орта мен сол ортаны мекендеген адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін қабілетінің арасынан өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді. Орта, Л.И.Мечниковтың пікірі бойынша, тек жәй қоршаған табиғат қана емес, ол адам еңбегі процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске түскен оның бір бөлігі. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор (адамдар қызметіне су ресурстарының ықпалы) болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік және мұхиттық (немесе жалпы тарихтық) үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп көрсетті. Бұл факторды зерттеуші халықтың өндірістік қызмет барысында сыртқы жағдайға бейімделу қабілеті ретінде зерделеумен қатар, тарихтың қозғаушы күші ретінде де қарастырған.
Натурализмнің қалыптасуына және әлеуметтік процесс пен оның қайнар көздерін түсіндіруде біржақтылықтың орын алғанына қарамастан, Л.И.Мечников географиялық детерминизмнің дәстүрлі көзқарастарына тән ой-пікірлердің анық шектеулігін жеңіп қана қойған жок, сонымен қатар әлеуметтану зерттеулері үшін бірнеше проблемаларды белгілеп берді (әлеуметтік даму механизмінің элементтері ретіндегі халықтардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері, еңбек дағдыларының социомәдени трансляциялары мен қоғамдық ұстанымдардың формалары және т.б.).
Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттық өкіл-дері Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд (1829—1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.
А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алды-мен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас организм ретінде қарастыра отырып, қоғамдық институттарды оның же-келеген фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның «әлеуметтану физи-ологияға ұқсас болуы қажет» деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А.И. Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол күш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік идеалдардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра келіп, А.И.Стронин Батыс Еуропаның «революциялық дәндері» Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.
А. И. Стронинннің биологиялық редукиионизмі механицизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.
Әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Бола-шақтың әлеуметтік ғылымы туралы ойлар» атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды. Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарьыуы мүмкін деген қорытынды жасады. Қоғамдық процестердің өздері зерттеушінің пікірі бойынша, теориялық тұрғыдан механикалық қозғалыстың көрінуіне алып барады. П.Ф. Лилиенфельдтің пікірі бойынша, барлық организмнің клеткалардан тұратыны іспетті қоғам да клеткалардан түзіледі. Бұл жерде зерттеушінің қоғамдық организмнің клеткалары деп отырғаны жекелеген адамдар.
П. Ф. Лилиенфельд қайсыбір жекелеген процестер (туу, өсу, өлім) мен жекелеген органдарды (ми үкімет ретінде, т,б.) баяндай келіп, биологаялық организм мен қоғамдық организмде дәлме-дәл келетін ұқсастық, бар деп есептейді.
Экономикалық, саяси және заң қызметін орыс ойшылы физиологиялық, морфологиялық және тұтас организм иностасиясымен теңестіреді. Сөйтіп, қоғамның басты институттарының мәңгіліктігі және өзгеріске түспейтіндігі туралы тезисті негіздеді, оларды күшпен трансформациялауды П.Ф.Лилиенфельд патология ретінде қарастырады.
Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыз-дылардың бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров (1823-1900) және Николай Константинович Михайловский (1842—1904) еді. П. Л. Лавров «Тарихи хаттар» деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз көзқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып «ант-ропологизм», «субъективтік әдіс», «субъективтік көзқарас ұғымдарын енгізді. Оның пікірінше, басқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен та-рихта өзгермейтін және абсолютті заттар бар. Олар объективті, белгілі бір дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін, бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен тарих белгілі бір сәтке дейін анықталынбайтын ақиқат-тарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның мәселені түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті дайын болмауы жатады.
П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады. Оның мүддесін мойындамау деген сөз аса маңызды әлеуметтік құбылысты байқамаумен бірдей. Тарихтың барысы объективтік заңдармен анықталса да, тұлға тарихи процесті өзінше түсініп, өз алдына мақсаттар қояды және оған жетудің құралдарын таңдайды.
П. Л. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге талпыныс жасады. Оның түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынты-мақтастықтын көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін саналы органикалық ғылым. Сондықтан бұл ғылым өзінде дара сананы барынша қалыптастырған даралығы бар бүкіл жанды қоғамды, адам жүзеге асырсамау деген қоғамдық идеалдарды, сонымен қатар тұлғаның өзіндік қоғамдық идеалдарды жүзеге асыруға жақындатсам деген талпынысынан туындайтын практикалық міндеттерді қамтиды.
Қоғам өмірін және ондағы процестердің негізгі мазмұнын ашудың өзіндік жолын айта келіп, П. Л. Лаврое тұлғаның жеке адамгершілік идеалдарына сәйкес өмірдегі формаларды өзгертуге, сонымен қатар ол нені прогресс деп санаса сол үшін күресуге құқылы әрі міндетті екенін атап көрсетті. Сондықтан тұлға қоғамдық күштерге зор ықпал жасайды. Қоғам-ның дамуына күшті әсер еткен тұлғаны П. Л. Лавров алға шыққан тұлға-лардың қатарына жатқызады. Мұндай тұлғалар қоғамдық құбылыстарға сын көзбен қарайды, оларды түзетуге атсалысады.
Н. К. Михайловскийдің пікірінше, адамның адаммен қарым-қатынасы секілді, онын табиғатпен қарым-қатынасының арасында бір-бірімен жанаспайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жәй ғана құбылыс деген ой тумауы керек. Өйткені бұл құбылыстың алдына қойылатын нақты мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес. Бұл өзгешеліктер аса маңызды болғандықтан адамзат танымының екі ірі саласында әр түрлі әдістерді қолдану қажеттігін талап етеді. Қоғамдық құбылыстарды тек субъективтік деп бағалауымыз керек. Бұл жерде жоғары бақылауды субъективті әдіс жүзеге асыруы тиіс.
Н.К. Михайловский әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдармен бай-ланыста болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның әлеуметтік байла-ныстарына қарап, оның дүниеге көзқарасын анықтауға болатының жазды. Н.К. Михайловский Ч. Дарвин мен Г. Спенсердің эволюциялық теориясын мойындамады, керісінше, тұлғаны әлеуметтік бақылаудың бүлдіргіш ықпалынан құтқару қажеттігі теориясын басшылыққа алды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз соғыс жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Ресей тағдырын алға тартты. Әлеуметтік мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа еліктеудің, өзін-өзі сендірудің, беделдің қаншалықты ықпал ететініне көңіл аударып, Н. К. Михайловский 3. Фрейд пен В. Адлердің психосараптамасына жоғары баға берді.
Анархизмнің теориялық мазмұны мен практикалық бағыты орыс ой-шылдары және революционерлері Михаил Бакунин (1814— 1876) мен Петр Кропоткин (1842-1921) шығармаларында жан-жақты дәлелденді. Олар Батыс Еуропа анархизмінің теоретиктері Ш. Фурье, М. Штирнер және П. Прудон еңбектеріне арқа сүйеді. М. Бакунин анархизмінің мәні - заттарды өздерінің табиғи ағымына жібергенмен бірдей... Осыдан келіп анархизмнің басты идеясы — ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы қалыптасты дейді.
Тұлға еркін болуы керек, оған ештеңені тануға болмайды дей келіп, Бакунин еркіндіктің әлеуметтік сипатта болатынын жазды. Өйткені еркіндік тек қоғам арқылы жүзеге асуы мүмкін және еркіндік әркімнің барлық адамдармен қатаң теңдікте және ынтымақтастықта болуымен іске асады. Қоғам әр адамның толыққанды дамуы үшін жағдай жасауы тиіс, тек сол ғана оның әлеуметтік еркіндігінің нақты мүмкіндіктерін анықтайды. Адам еркіндігінің бұдан да басқа да көріністері "бар, кез келген өкімет бөлімі, ол мейлі құдайдікі болса да, адамдікі болсада, егер ол тұлғаны қанаса, оның еркіндігі бүлікке соқтырады және содан көрініс табады.
М. Бакуниннің пікірі бойынша, адам өз еркін шектейтін қоғамдық институттармен қарама-қайшылыққа түседі. Ол әсіресе халықты басып, жаншитын және халықты қанау есебінен күнін көретін чиновниктер ап-параты ретіндегі мемлекетпен күреседі.
Мемлекет - қашан болмасың елдің күш-қуатына қарсы тұрған азшы-лықтың өкімет билігі. Ол адамдардың еркін заң жолымен зорлаушы, олар-дың еркін тұрақты түрде жоққа шығарушы болып отыр. Түптеп келгенде, мемлекет қайсыбір азшылықтың жөнілдіктерін нығайтады және көпшіліктің нақтылы қаналуың бекітеді. Адамдар бұқарасы өздерінің надандығынан бұны түсінбейді. Шындығында олардың мүдделері өздерін қанап отырған мемлекетті жою болып табылады. Осыған олардың әділ саналатын еркіндік бүлігі бағытталуы қажет.
Прудонның біраз социалистік идеяларың қабылдаған М. Бакунин оларды өзінің социализм және федерализм теорияларында дамытты. Осы идеяларының арасында ен негізгілеріне жататыны - социализм қоғамдық құбылыс ретінде өзіндік және ұжымдық еркіндікпен, еркін ассоциа-циялардың қызметімен құрылуы тиіс деген пікірлері. Онда адамдар қызме-тіне ешқандай үкімет шектеуі болмауы керек және мемлекет жағынан ешқандай қамқорлық болмауы тиіс, мемлекет қалай дегенмен де жойылуы керек. Бәрі де тұлғаның, өнеркәсіп ұжымдарының және өзге де ас-социаииялардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағын-дырылуы керек. Сөйтіп, қоғам ерікті адамдардың жиынтығына айналады. Қоғамның бүкіл субъектілерінің арасындағы қатынастар федерализмді орнатады, яғни ерікті және тең құқықты принциптер негізінде олардың одағы құрылады.
Социалист-анархист өзі үшін де өмір сүруі керек, сонымен бірге бүкіл адамға да қызмет етуі қажет. Ол шын мәніндегі нақты патриот, әрдайым адамгершілігі аса мол социалист-анархист болуы тиіс.
М. Бакунин қоғам дамуының бүкіл экономикалық, саяси, рухани про-цестерін мемлекет реттейтін «мемлекеттік социализмді» сынға алды. Оның пікірі бойынша, мұндай социализм өзінің негізсіздігін толығымен көрсетті. «Реттеушілік» және «деспоттық» болғандықтан социализм көпшілік ха-лықтың қажеттерін және заңды талаптарын қанағаттандыру мұратынан шалғайда тұрды. Мемлекет социализм алдында өзінің банкрот болғанын көрсетті, ол социализмнің оған деген сенімін жойды. Бірақ социализм өлмейді. Социалазм жекеше экономикалық ассоциациялар арқылы өзін көрсетеді және әр адамның еркін де жан-жақты дамуы үшін оларды ма-териалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз ете алатын болады.
Анархизм идеясын өз еңбектерінде П. Кропоткин одан әрі дамытып, мемлекет пен «мемлекеттік социализмге» үзілді-кесілді қарсы шықты, жеке және ұжымдық еркіндікке негізделген қоғамдық құрылысты қалыптастыруға еңбекшілердің өздерінің мүмкіндігі бар, анархияның теоретигі ауылшаруашылық қауымдастықтар одағы, өндірістік артельдер және адам-дар мүддесіне орай құрылған ассоциациялар негізінде «мемлекетсіз ком-мунизм» құруға болады деп санады.
Осы адамдардың өзара тең дәрежелі қоғамы ретіндегі ерікшіл «анар-хиялық коммунизмнің» мемлекеттік авторитарлық коммунизмнен өзгешелігі – оның толығымен өзін-өзі басқаруға негізделгендігінде. Ол өнеркәсіп, жер шаруашылығы, ой еңбегі сияқты тағы басқа да алуан түрлі өндірістер үшін құрылған көптеген одақтардан тұруы керек. Практикада социалистік анархизм осындай болуы тиіс. Бұл жерде ең өзекті әңгіме -адамдардың ерікті ассоциацияларының өзін-өзі басқару жөніндегі федеративтік одағың құру болып отыр. Олардың арасындағы қатынастар ынтымақтастық, әділеттілік және басшысыздық принциптері негізінде құрылады және негізінен моральдық нормалармен реттеледі ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!