Әлеуметтану | ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған [1].
Ғылыми білімнің объектісі мен пәні бір-біріне дәл келе ме? Жоқ, дәл келмейді, өйткені кез келген ғылымның объектісі таным процесінің бағытталған нәрсесі болып табылады, ал пән қызметін тікелей зерделенуге жататын объектіні құрайтын тараптарға, байланыстарға, қарым-қатынастарға қызмет етеді [2]. Егер де ғылым объектісі - объективті дүниенің қандай да бір бөлігін танытатын шынайылық дейтін болсақ, ал ғылымның пәні - осы шынайылықтың ғылыми және тәжірибелік көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтау жолымен, сол шынайылықты абстрактілі деңгейде қайта тудыру. Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу (зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың әллеуметтанушы қызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын” анықтайды.
Сонымен, ғылымның пәні ол зерделейтін объектіге тепе-тең емес. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді [3]. Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды. Енді біз әлеуметтану тарихының ішінен оның пәні туралы ұғымның қалай өзгергенін қарастырамыз.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік серпінге бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” [4] әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.
Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылым-дарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.
Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П.Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық санаттағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.
Американ әлеуметтануының классигі Т.Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеумет-тік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж. Г.Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну міндетін жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А.Шюцтің пайымдауы бойынша, әлеуметтану пәні “интерсубъективтіліктің”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады. Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің әлеуметтанушылық іргетасын - феноменальді әлеуметтанудың бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының бірінің іргетасын қалады.
Қазіргі заманғы ресейлік әлеуметтанушы-ғалымдар қалыптасқан дәстүрге сәйкес әлеуметтанушылық білім пәнін анықтаған кезде қандай да бір әлеуметтік құбылысты шешуші нәрсе ретінде бөліп қарайды. Ондай құбылыстардың қатарына топтық өзара әрекет, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік әрекет жүйелері, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік топтар, адамзат қауымдасты-ғының нысандары, әлеуметтік процестер, әлеуметтік өмір, қоғам, әлеуметтік құрылымдар жатады.
Қазіргі көзқарастарды, тұжырымдамалар мен теорияларды талдау әлеуметтану пәні анықтамаларын үш негізгі топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтану пәні ретінде бірінші топты әлеуметтану пәнінің қалай болған күнде де қоғамды қарастыратын анықтамалары құрайды. Мысалы, Э.В.Тадевосян жетекшілік еткен авторлар ұжымы мынадай анықтама береді: әлеуметтану - қоғамның ұйымдастырылу¬ының, қызмет етуінің және дамуының жалпы және ерекшеленген әлеуметтік заңдылықтары, адамдардың, олардың қауымдастық-тарының және жалпы қоғамның әрекеттері мен өзара іс-қимылдарында жүзеге асуының жолдары, нысандары мен әдістері туралы ғылым [5].
Екінші топта - функционалдық анықтамалар, оларға сәйкес сан қырлы әлеуметтік жүйелер, яғни адамдардың өзара қарым-қатынасының қандай да бір реттелген жиынтықтары әлеуметтану объектісі деп жарияланады.
Мәселен, В.А.Ядов әлеуметтану пәнін былай тұжырымдайды: әлеуметтану - әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың өзін-өзі ұйымдастыру нысандары: әлеуметтік жүйелердің, әлеуметтік құрылымдар мен институттардың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуі туралы ғылым. Бұл әлеуметтік субъект – қауымдас-тықтардың белсенділігінен болатын әлеуметтік өзгерістер туралы ғылым; алуан түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы өзара байланыс және өзара әрекет механизмдері ретіндегі әлеуметтік қарым-қатынастар туралы ғылым; әлеуметтік іс-әрекеттер мен бұқаралық мінез-құлықтың заңдылықтары туралы ғылым [6].
С.С.Фроловтың пікірінше, әлеуметтану - қоғамның құрылым-дарын, олардың элементтері мен өмір сүру шарттарын, сондай-ақ сол құрылымдардағы әлеуметтік процестерді зерделейтін ғылым [7].
Үшінші топтағы әлеуметтану пәнін түсіндіруде антропоорталықтық көзқарас жатыр, оған сәйкес адам компоненті әлеуметтану пәнін анықтауда негізгі компонент болады. Ю.Г.Волков, В.Н.Нечипуренко және басқалар “әлеуметтану - адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар процесінде, жеке адамдар мен топтар арасындағы өзара әрекет пен өзара байланыс процестерінде пайда болатын себеп-салдар байланыстарын ашып көрсетуді алдына мақсат етіп қоятын адамның мінез-құлқы туралы ғылымның саласы” деген қорытынды жасайды [8].
Адамтану аспектісі А.И.Кравченконың оқулықтарындағы зерттеу проблемаларын талдаған кезде байқалады. Оның тұжырымдауынша, әлеуметтанудың негізгі пәні оның мәртебесі мен рөлі болып табылады, мәртебесі – пәннің статистикалық бейнесін, ал рөлі серпінділік бейнесін береді [9].
Ж.Т.Тощенконың анықтамасы бойынша, әлеуметтану - азаматтық қоғам мүшелері ретіндегі адамдардың санасы мен мінез-құлықтарының қозғаушы күштері туралы ғылым. Әлеуметтану пәні мыналарды қамтиды: өзінің барлық қарама-қайшы дамуындағы шынайы қоғамдық сана; санада қалыптасатын білімдердің, ұстанымдардың, құндылық бағыт-бағдарлардың, сұраныстар мен мүдделердің пәндік көрініс табуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың қызметі, шынайы мінез-құлқы; адамдардың шынайы санасы мен қызметі, шынайы мінез-құлқы дамитын және жүзеге асатын жағдайлар [10].
Жоғарыда аталған анықтамаларға жасалған қысқаша шолу барлық көзқарастардың макро- не микроәлеуметтанушылық парадигмалармен арақатынаста болатынын көрсетеді. Макро-теоретиктер қоғамның ғаламдық заңдарын ашып көрсетуге талпына отырып қоғамның, мәдениеттің, әлеуметтік институттардың, әлеуметтік жүйелер мен құрылымдардың, ғаламдық әлеуметтік процестердің ұғымдарын пайдаланады. Микротеоретиктер қоғам туралы философияшыл болудан бас тарта отырып, жалпы жеке адамдардың түрлі әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлқын, олардың әрекеттерінің себеп-салдарын, жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет механизмдерін және басқа да нақты мәселелерді зерделеумен шұғылданады.
Осыдан барып әлеуметтануды анықтаған кезде бір-бірінен мүлде бөлек екі көзқарас келіп шығады: бірі - оның пәнін қоғамдық организмнің тұтастығы, әлеуметтік ұйымдар мен жүйелер туралы ғылым ретінде өрістету бағытында анықтау болса, екіншісі - әлеуметтік процестер мен бұқаралық мінез-құлықтар туралы ғылым ретінде анықтау. Бірінші көзқараста әлеуметтану демографиялық, экономикалық және саяси ғылымдармен ұштасса, екіншісінде әлеуметтік психологиямен ұштасады.
Макроәлеуметтанудың дамуы қазіргі заманғы теориялық әлеуметтанудың қалыптасуына, ал микроәлеуметтанудың дамуы эмпирикалық (қолданбалы) әлеуметтанудың қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға негізсіз емес, бірақ оны толық мәніндегі ақиқат нәрсе деп мойындауға болмайды. Макроәлеуметтануда да, микроәлеуметтануда да теориялық және эмпирикалық деңгей бар. Макроәлеуметтанушылар (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ф.Теннис, П.Сорокин, т.б.) эмпирикалық әлеуметанушылық зерттеулермен белсене айналысқан, ал микроәлеуметтанушылар (мысалы, американ әлеуметтану мектебінің өкілдері) маңызды әлеуметтану¬шылық теориялардың негізін қалаған.
Қазіргі микро- және макроәлеуметтанудың жақындасуы оның объектісі мен пәнін қазіргі заман тұрғысынан түсіну үшін аса маңызды. Бұл жақындасу макротеоретиктер де, микротеоретиктер де материяның әлеуметтік нысанының алғашқы “клеткасы” болатынын және қоғамды да, нақты адамдардың мінез-құлқын да әлеуметтанушылық талдау ісін содан бастау қажеттігін мойындауда бір-бірімен үндес екендігінен көрінеді.
В.А.Ядовтың пікірі бойынша, қазіргі заманғы әлеуметтанудың пәндік саласы іс жүзінде екі бағытта қайта қаралуда. Біріншіден, әлеуметтік кеңістіктің ауқымы мен сапасын басқаша көру тұрғысынан оның жаһандануы бағытында (оның негізінде жалпыадамзаттық проблемаларды шешу үшін барлық мектептердің, бағыттардың әлеуметтанушылардың күш-жігерін, теориялық-әдістемелік көзқарастарын біріктіруге ұмтылыс жатыр). Екіншіден, “әлеуметтіктің” өзге талдамалық бірлігін іздеу тұрғысынан. Егер де классикалық әлеуметтануда мұндай бірлікті қоғамдық тұтастықтың құрылымдық нысандары (әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, мәдениеттің нормативтік үлгілері және т.б.) деп түсінетін болса, ал модернистік кейінгі көзқараста әлеуметтіктің бұл “клеткасы” болатын нәрсе қоғамдық субъектінің немесе әлеуметтік агенттің іс-әрекеті ретінде әлеуметтік өзара байланыстардың күрделі жүйесіне енген әрекетшіл, шығармашыл бастамасы мағынасындағы құбылыс болып табылады [11].
Әлеуметтану оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Әлеуметтану пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген әлеуметтанушылық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін әлеуметтанудың әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.
Әлеуметтану және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен әлеуметтанудың зерттеу объекті-лерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда әлеуметтанудың объектісі мен пәні нақтырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен сипаттайтын әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен салыстырғанда абстрактілігі аз. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды қисынды ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Әлеуметтану болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдалана отырып эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.
Неғұрлым көбірек тұжырымдалған заңдар мен санаттарды білу әрқашан да азырақ тұжырымдалған заңдар мен санаттарды зерделеуге дұрыс жол табудың қаншалықты қажетті алғышарты болса, әлеуметтік философия әлеуметтанудың соншалық жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы да, оның жеке элементтері де тұтас нәрсенің бір бөлігін сол нәрседен тыс түсінуге болмайтындығы сияқты, тұтас қоғамның мәнін, оның әр түрлі салаларының өзара әрекетін және т.б. түсінуден тыс терең әрі ойдағыдай зерделене алмайды. Екінші жағын алар болсақ, әлеуметтану қоғамдық өмірдің бар күрделі сан қырлылығын нақты талдай отырып, әлеуметтік философияның ұғымдық аппаратын және пәндік мазмұнын байытуға, олардың шынайы өмірмен, тәжірибемен байланысын кеңейту және тереңдету негізінде оның ережелері мен қорытындыларын айқындауға және нақтылауға ықпал етеді.
Әлеуметтану және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын, тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылық¬тарын бөліп қарау. Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?