6 Шілде - Нұр-Сұлтан (Астана) күні

 6 Шілде - Нұр-Сұлтан (Астана) күні

Ел ордам менің – Астана,
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.

Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!

Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай, бас қадам.

Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Менде бар ғой бас қала.

Оның аты Астана,
Астананы қараса.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4 сынып оқушысы Дүйсенбай Фариза
Сынып жетекшісі: Алимкулова Лаззат


Ел ордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген – Астанам.

Арайлы таң астанам,
Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің жас қалам.

Алтын күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.


Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы: Қорғұлсұлтан Дамир Дидарұлы
Сынып жетекшісі: Қойшыбекова Гүлзипа Молдаханқызы


Астана, арман қала, жас қала!
Кең аланың ортасында орналасқан.
Астана – Отанымның бас қаласы,
Астанада Бәйтерек бар даңқы асқан.

Армандаймын мен бала кезден,
Астананы білсем екен, көрсем екен!
Орындалатынын арманымның, сенемін мен –
Тәңірім ұзақ ғұмыр берсе екен !

Ару қалам, Астанам!
Бой көтерген жас қалам.
Бәйтеректің биік шыңы,
Ерекше қой басқадан.

Арайлы таң Астанам,
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек» пен «Ақорда»
Жас та болса, бас қалам.

Отанымның төрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам Астанам!

Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.

Астанам-менің мақтаным
Сенен мұнда бақ қалың
Куәгері болармыз
Ең тамаша шақтардың

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Еркеназ
    7 + 1 -
    Менің Астанам
    Көркейген менің жас қалам
    Үйлері көп зәулім-зәулім
    Бас қалам менің Астанам
    Астана-арман қала
    Бағы бір жанған қала
    Тұрады жап жас болып
    Мен үлкен болғанда да
  2. Оқырман Ақерке
    Оқырман Ақерке 26.09.2022 17:17
    1 + 3 -
    Өте жақсы маған ұнады!!
  3. Оқырман Айша
    Оқырман Айша 01.02.2021 19:30
    7 + 6 -
    Маған қатты ұнады!♡
    1. Оқырман Асия
      Оқырман Асия 19.11.2021 22:02
      2 + 2 -
      =6?
  4. Гость ақмаржан
    Гость ақмаржан 24.11.2020 21:26
    5 + 4 -
    астана әсем қала бас қала

Ілмектер: қазақстан астана туралы тақпақтар, астана туралы тақпақтар балаларға, астана туралы тақпақтар балаларға арналған, астана кунине такпак, астана арман қала такпак, 6 Шілде - Астана күні, астана кунине арналган такпактар, астана туралы олен казакша, астана туралы такпак казакша, астана туралы такпак балаларга, 6 шилде астана куни туралы такпак, 6 шилде астана куни туралы олен шумактары, 6 шилде астана куни туралы олен, 6 шілде астана күні туралы өлең, 6 шілде астана күні туралы өлең шумақтары, 6 шілде астана күні туралы өлең жолдары, 6 шілде астана күні туралы тақпақ, 6 шілде астана күні туралы тақпақтар, 6 шилде астана куни туралы такпактар, астана туралы такпак, астана туралы олен шумактары, астана туралы олен, астана туралы такпактар, астана туралы өлең, астана туралы өлең шумақтары, астана туралы өлең жолдары, астана туралы тақпақ, астана туралы тақпақтар, стишки на казахском языке для детей день астаны, стихи про астану на казахском языке