Қазақша тақпақ: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні

Қазақша тақпақ: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні казакша Қазақша тақпақ: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні на казахском языке

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.

Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
2 «A» сынып оқушысы: Сагындыков Ерхан
Сынып жетекшісі: Лукпанова Лайлим Сериковна

Бірінші мамыр той-тойлап,
Қарсылаймыз бәріміз.
Көп ұлтты тату-тәтті халықпыз.
Бізге тәнті қызығады бар әлем,

Болашақтың ұрпағы ұланымын.
Еліменен мәңгіге мақтанамын.
Бейбітшілік туымыз,
Желбірейді мәңгіге.

Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.


Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
2 «A» сынып оқушысы: Мағау Дана
Сынып жетекшісі: Лукпанова Лайлим Сериковна

Бірінші мамыр достық күні,бірлік күні
Ұлттардың қосылатын басты күні
Бір ұлт болып,бір жерде бірігеміз
Бір елде мәңгі өмір сүреміз.

Бірлік достық айырылмас әніміз
Бірге жүріп,бірге оны шырқаймыз
Өзбек,орыс,түрік бол
Дос болудан қашпаймыз.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.


Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4 сынып оқушысы Дүйсенбай Фариза
Сынып жетекшісі: Алимкулова Лаззат

Болмасын соғыс елімде,
Қыраным ұшсын көгімде!
Болмасын соғыс,болмасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!


Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.

Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.

Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.

Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!


Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.

Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.




KZ / Қазақша Тақпақтар жинағы, 1 мамыр тақпақтар балабақша, 1 мамыр тақпақ, 1 мамыр туралы тақпақ, 1 мамыр бірлік күні тақпақтар, 1 мамыр бирлик куни такпак, 1 мамыр бирлик кунине такпактар, стихи на казахском языке на 1 мая, 1 мамыр, тақпақтар балабақша, тақпақ, балабақша, 1 мамыр такпактар балаларга, 1 мамыр ынтымақ күніне арналған өлеңдер, 1 мамыр бірлік күні қазақша өлең, 1 мамыр бірлік күні өлең, Қазақша өлең: Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, Қазақша өлең, Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, стихи на казахском языке, 1 мамыр ынтымақ күні өлеңдер, 1 мамыр ынтымақ күні бірлік күні өлеңдер, стихи на казахском языке про 1 мая, стихи на казахском языке день единства 1 май, 1 мамыр бірлік күні олен, 1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер, 1 мамыр мейрамы, Бейбітшілік, 1 мамыр бейбітшілік күні тақпақтар, 1 мамыр бейбітшілік күні қазақша өлең, 1 мамыр бейбітшілік күні өлең, 1 мамыр ынтымақ күні бейбітшілік күні өлеңдер, 1 мамыр бейбітшілік күні олен, 1 мамыр тақпақтар балабақша 1 мамыр тақпақ 1 мамыр туралы тақпақ 1 мамыр бірлік күні тақпақтар 1 мамыр бирлик куни такпак 1 мамыр бирлик кунине такпактар стихи на казахском языке на 1 мая 1 мамыр такпактар балаларга, Қазақша тақпақ: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні казакша такпактар балаларга арналган тақпақтар қазақша балаларға стишки на казахском для малышей стихи для детей на казахском языке Қазақша Тақпақтар жинағы