Бірлік күні 1 мамырға арналған тақпақтар, өлеңдер


Құрметті оқырмандар! 1 мамыр Қазақстан республикасының бірлік күнімен құттықтаймыз. Соған орай балаларға арналған тақпақтар мен оқушыларға арналған өлеңдер жарияланды.


Тыңда, тыңда, тыңда мені
Ұлы жұртым орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың, менің даңқым.


Ақ, қара деп алдымен
Елім бөлмес адамды
Дәстүр, өнер салтымен
Таңқалдырған ғаламды.


Достар болса достық атын ақтаған
Алыс жолда – жақын жол
Қара бала, сары бала, ақ бала
Туыстардай тату бол.


Қазақ жері – қонақжай төрдің жері.
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халық ақ тілекті.


Пайдалы сілтемелер:


Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.


Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...
 
Теңсіздік терең көмілді,
Шаттықтан шалқып өнді үнім,
Баршасы мұнда көңілді
Ақ, қара, сары өңдінің...
 
Артықша таза моральды
Ақ, қара жігі, қыз қандай!
Махаббат қайта жаралды,
Жүректен жүрек қызғанбай.
 
Күндерден ортақ сыбаға,
Күресте дайым біргеміз.
Арада жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.
 
Өлкемде өлмес тірі аңыз
Қалады жаздан, қыстан да.
Жұрағат жұрттар тұрамыз
Осындай Қазақстанда...


Тілі бөлек болғанымен тілегі бір
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желкілдейдітүндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бар тамырмен байлап қойған кіндігін.


Сырдың бойын ежелден жайлаған,
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған


Қадірменді бір досымыз – өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің
Өз көзімдей күлімдейді көздерің
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарханда жайылады сәнімен
Палауың мен бесбармағым сыбайлас
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.


Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Елдің басын біріктірер әрдайым.
Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,
«Әйт ! Әйт !» десе қырқысардай жағдайың.
 
Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай,
Қалпақпенен ұрып алды.....
Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын,
Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.
 
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Аса түссін бибітшілік жағдайың.
Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол,
Алатаудай мызғымайтын сынбайтын!
 
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!


Әуелі етіп білік басыңды қос,
Соннан соң әр мұраттан қалмассың бос.
Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,
Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.
Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар ...»
Болады тұрсң тұтас дұшпан да дос.
Алатауың ала болып тұрған күнде,
Асыңның ауызыңдағы кетуін тос.
Таласты алалықпен тастамасаң,
Бір күні туған жерге айтарсың «қош».
Бірлікпен илеу салған құмырысқа да
Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.

Сәбит Дөнентаев (Бірлік)
 


Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.


Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.


Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.


Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс толы бақша-бау
Болсын жер мен су ортақ
Болсын бізге ну ортақ
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман альмира
    3 + 2 -
    что я руссий или казакски???

Ілмектер: 1 мамыр, бірлік күні