Ағайын, аға, іні туралы тақпақтар


Ағайын жақын тату болған туыстар,

Ондай жерде берекелі ырыс бар.

Ағасы бар адамның – жағасы бар,

Жақсы інісі бар адамда – туыс бар.




Аға деген,
Іні деген –
Бір-біріне туысқан.
Аға деген,
Іні деген
Жаралғандай құрыштан.

Бірлік болса,
Ерлік болса,
Алынбайтын қамал жоқ.
Қорқақ болса,
Шорқақ болса
Одан өткен жаман жоқ.

От болса да,
Өрт болса да,
Қиналмайды мықты адам.
Атамыз да,
Бабамыз да,
Қиындықтан ықпаған.
           О.Әубәкіров



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Өородолоододрлоллоощгщ
    1 + 3 -
    Аидархан
    1. Аидархан
      Аидархан 29.09.2021 20:39
      1 + 2 -
      Інім
  2. Нұртас
    Нұртас 12.02.2021 21:06
    1 + 0 -
    Туған күнің ізбен Нұртас ага