Балабақшаға 8 наурызға тақпақтар


Құрметті оқырмандар, осы мақалада халықаралық әйелдер күніне арналған 8 наурыз, аналар туралы тақпақтар жинағы жарияланды! Балабақшада балалар оқуға арналған тақпақтар. 8 наурыз мерекесі құтты болсын!


Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.


Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.


Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.


Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.


Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.



8 наурыз тақпақ


Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.



Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже


Пайдалы сілтемелер:



Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған


Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым



Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.



Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.


Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты



Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.


Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым



Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.


Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

 



Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.


Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 13
  1. Оқырман Елина
    Оқырман Елина 07.03.2024 02:06
    1 + 0 -
    Өте жақсы тақпақтар
  2. Оқырман Әмина
    Оқырман Әмина 06.03.2024 21:30
    0 + 1 -
    8-науырыздарыңызбен
  3. Самат нұрай
    Самат нұрай 05.03.2022 15:35
    20 + 13 -
    Үн қатасын бал тілінмен
    Еркелеймін әр күнмен
    Құттықтаймын анашым
    Сегізінші наурызбен
    1. Оқырман Болат
      Оқырман Болат 03.03.2023 11:29
      6 + 9 -
      сәлем! Менің атым болат! Қызым боласын ба
  4. Кім жаттап алыңдар
    9 + 22 -
    Под рлб гл. Шщс
    Позб
    Ощзь
    Ощж л
    Олдю
  5. тақпақ 8 наурыз ?
    24 + 12 -
    15) Әжетайым асылым,
    Жүзіңде мұң болмасын.
    Құтты болсын мерекең,
    Қуаныш тапсын жалғасын.

    16) Әр күніңіз жайнасын,
    Бұлбұл құстар сайрасын.
    Сегізінші наурыз бұл,
    Қуанышын арнасын.

    17) Сегізінші наурызың,
    Құтты болсын ұстазым.
    Амандықта құлпырып,
    Өте берсін қыс,жазың.

    18) Асыл жеңгем, ақ жеңгем,
    Құтты болсын мерекең.
    Отбасыңа бақ орнап,
    Арта берсін берекең.

    19) Көктем күнін бастайтын,
    Сегізінші наурыз бұл,
    Құтты болсын бұл мейрам,
    Жаудыратын тілек, жыр.

    20) Сегізінші наурызда,
    Ақ тілектер ағылар.
    Гүл көктемдей құлпырып,
    Шамнан шырақ жағылар.
  6. 8 наурызға тақпақ ?
    23 + 6 -
    21) Көңілді тербеп ән мен жыр,
    Шаттығын сыйлар бұл мезгіл.
    Алғашқы көктем мейрамы,
    Ақ ниет жауар гүл кез бұл.

    22) Жанымнан әркез табылар,
    Асыл әпкем, жан әпкем.
    Наурыздың бүгін сегізі,
    Құтты болсын мерекең.

    23) Күн күлімдеп нұр шашқан,
    Қуаныш, шаттық ұласқан.
    Сегізінші наурыз бұл,
    Мерекеге үн қосқан.

    24) Құтты болсын мерекең,
    Аруларым жайнаған.
    Шаттық сыйлап өмірің,
    Гүл жайнасын айналаң.

    25) Наурыздың бүгін сегізі,
    Шаттығыңды бастайтын.
    Құтты болсын мереке,
    Шад күніңді растайтын.

    26) Көңілде мұң болмасын,
    Қуаныш тапсын жалғасын.
    Сегізінші наурызда,
    Бақыт-нұр ашсын арнасын.

    27) Наурыздың бүгін сегізі,
    Ән жырымен тербесін.
    Құтты болып мереке,
    Гүл көктем жанды емдесін.

    28) Наурыздың бүгін сегізі,
    Нұрын шашып келген күн.
    Шаттық, бақыт сыйлайтын,
    Халықаралық мейрам бұл.

    29) Наурыз айы келгенде,
    Айнала жайнап, құлпырар.
    Сегізінші наурызда,
    Ақ тілектер үн қылар.
    Құтты болсын мереке,
    Көңілге шаттық, жыр тұнар.

    30) Құтты болсын мереке,
    Гүл көктемде кеп жеткен.
    Алғашқы мейрам көктемнің,
    Әуезді әнмен тербеткен.
    Әжелер, ана-әпкелер,
    Құтты болсын мерекекең.
  7. Сайлаубек Аружан
    9 + 9 -
    Отан туралы

    Мен он
  8. 8 наурызға
    8 наурызға 04.03.2021 04:03
    10 + 10 -
    Раушан гүлін сыйлаймын,
    Мейрамыңмен құттықтап.
    Өзгеге сені қимаймын,
    Сенімен жаным жыр ұқпақ.
    Жаныңда сенің тең келмес,
    Әсемдігі гүлдің де.
    Мейрамыңда тілеймін,
    Шаттықпен күліп жүр күнде.

    Естелік етем сыйымды,
    Жаттатып жүрек жырымды.
    Мейрамыңмен, сүйіктім,
    Бөліскен менің сырымды.

    Көктем қандай керемет еді көрікті,
    Әсемдікті Алла саған бөліпті.
    8 – наурыз күні құтты болсын,
    Тапшы мәңгі сүйеу болар серікті.

    Өмірде әсем тілек көп,
    Жылуды жиған жүрек көп.
    Құтты болсын мейрамын,
    Жақынға жүрші тірек боп.
    1. Оқырман Сабина
      Оқырман Сабина 04.03.2021 22:25
      8 + 6 -
      Уау
  9. такпактар
    такпактар 04.03.2021 04:03
    8 + 7 -
    Теріп өмір жақұтын,
    Алумен өмір тақұтын.
    Құтты болсын мейрамың,
    Сыйласын тағдыр бақытын.

    Ұшан – теңіз тілектер көп тіл жетпес,
    Адал ниет жүректер көп кірлетпес.
    Соның бәрін саған тілеймін мейрамда,
    Болсын бастан өмір бойы күн кетпес.

    Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
    Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
    Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
    Отбасының жайын ойлап қамдаушы.

    Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
    Арманымен әлем шарлап самғаушы.
    Қанаттарың ешқашанда талмасын,
    Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.

    Талмайсың бір күйбің тірлік өмірде,
    Бала әкеліп, бақыт сыйлап өмірге.
    Мерекеге лайық жандар, әйелдер,
    Ұрпақ жалғап жасай бергін, жеңілме.

    Аналардың мейрамы күліп бақыт,
    Келеді шуақ алып таңдар атып.
    Гүлдей әсем жүздерің қартаймасын,
    Таққаның болсын әркез алтын – жақұт.

    Жетіңіз мерекеден мерекеге,
    Бақытын молдан берсін өмір бөле.
    Көктем қандай сұлу болса дәл сондай боп,
    Гүлдей болып жайнаумен жетші 100 - ге.

    Сүйіктім, құтты болсын мейрам күнің,
    Ешқашан үзілмесін думанды үнің.
    Құшақ – құшақ гүл сыйлайын, гүлдей жайна,
    Шаттанып қуанатын күнің бүгін!
    Мейрамыңда бақыт тілеп барамын,
    Күн – кеудеге үміт отын жағамын.
    Гүлдей әсем өмірің еш солмасын,
    Ашық аспан, таудай болсын талабың.
    1. Елубай Тамила
      Елубай Тамила 04.03.2021 17:55
      6 + 5 -
      Керемет! ???
      1. Алтын әжем,ақ әжем
        5 + 6 -
        Ойбуу не ұрыс