Балаларға 8 наурызға тақпақтар


Құрметті оқырмандар! 8 наурызға арналған тақпақтар ұсынамыз! 

8 наурыз 8
 Гүлдей болсын өміріңіз

Нұрға толсын көңіліңіз

Биік боп жұлдызыңыз

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз.



 Аналар , қыздар жасай берсін,

Анашымды күніне мың сағынам

Тірлік үшін әулиеге табынам

Аналардың ақ сүтіне табынам.



Балаларға 8 наурызға тақпақтар

  8-Наурыз жыл басы көктемі

Қыстың кетті аязының өктемі

Мерекеніз құтты болсын аналар

Күндей болып жарқыраңдар көктегі



Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шуақтарың бар әлемге таралған

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың

Орындалсын жүректегі бар арман



құтты болсын аналардың мейрамы

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдарлы

Мерекі бұл көктемнің алғашқы

Бақыт берсін әр көктемнің айлары



Қажетті сілтемелер:

8-Наурыз қуанышқа бөлесін

Әкелсінші жаздың жылы елесін

Барлық халық аман болып елімде

8-наурыз жете берініздер келесі


Балабақшаға арналған тақпақтар 8 наурызға

  Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады , аялайды, бағады

Сол үшінде кеудесіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы.




  Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз




 Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп.





Мерейлі сәт мерекеге ұлассын

Сегізінші Наурыз келді қыр асып

Әжелер, аналар, нәзік жандар мейрамы

Көктемнің шапағатын түр шашып


Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан. 
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам 
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын! 
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың, 
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың, 
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр. 


Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

8 наурыз


Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан 
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.


Сендерсіз керек емес дүниенің,
Сендерсіз болмайды екен бакытың да,
Сендерсіңдер табатын жүрек емін,
Сендерсіз бос өтеді уакытың да,
Сендерсіз қандай бақыт, қандай шаттық,
Сендерсіз айғайлауда ақымақтық,
Сендер тіпті болашақ анасыңдар,
Сендерсіз ұрпақты біз қайдан таптық

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Һ
    Һ 04.03.2021 18:41
    6 + 2 -
    Үггғңң