Радиотехника

Радиотехника

Радиотехника туралы мәтін Радиотехника – радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, радиолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық процестерді бақылау және басқаруда, тағы да басқа ғылыми-зерттеулерде пайдаланатын технология саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар жатады. Радиотехниканың дамуы Радиотехника дамуында М. Фарадейдің электр және магнит өрістері туралы ілімі, Дж. К. Максвеллдің электр және магниттік құбылыстарды теңдеулер жүйесі арқылы сипаттап беруі маңызды рөл атқарды. Электро толқындарды эксперимент жүзінде байқаған және оны зерттеген Г. Герц болды. А.С. Попов электро толқындарды генерациялау және қабылдау негізінде сымсыз байланыс жасау мүмкіндігін тұңғыш рет 1895 жылы 25 сәуірде іс жүзінде дәлел берді. Бұл күні КСРО-да радио күні тойланып өтті. Радиотехниканың күшті қарқынымен дамуына электрондық лампаның пайда болуы зор ықпал етті. Генераторлық лампаның жасалуы өшпейтін тербеліс алуға мүмкіндік берді. Электрондық лампаларды жетілдіру саласында кеңес ғалымдары М.В. Шулейкин, М.А. Бонч-Бруевич, Л.И. Мандельштам, Н.Д. Папалекси және тағы да басқалары елеулі еңбек етті. ХХ ға- 15 сырдың 20-жылдары радиотелеграфтық байланыспен қатар, радиохабар тарату да кеңінен дами бастады. Арнаулы шамдарды пайдаланатын радиотолқындар диапазонының кеңдігі арттырылды. Орыс ғалымы В.П. Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен НьюЙорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. ХХ ғасырдың орта кезінде телевизия пайда болды. Қозғалмалы объектілерден берілетін ақпараттың мол болу себебі бұл байланыс өте жоғары жиілікті тербеліс арқылы ғана жүзеге асырылады. Осы салада Б.А. Введненский, А.Н. Шукин, В.А. Фок, А. Зоммерфельд және тағы басқа ғалымдар үлкен еңбек сіңірді. Заманауи радиотехника Радиотехника қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласында қолданады Мысалы, кез келген қашықтықта радиотелефон байланысын орнату, кескін, чертеж, сурет, газет матрицаларын тарату, тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс жасау. Космос объектілері мен Жер, космос аппараттарының өз арасында тікелей байланыс орнатылады. Алыс қашықтықтағы пункттермен радио, телевизиялық байланыс жасау үшін пайдаланатын Жердің жасанды серіктері ретрансляциялық станция ретінде байланыс линиясының құрамына еніп отыр. Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттелу және информацияны өңдеу жүйелерінің негізін құрайды. Осыған орай радиотехника жетістіктері электронды есептеуіш машиналарды жетілдіруге мүмкіндік берді. Мысалы, алғашқы электрондық шамдармен жұмыс істесе, одан кейінгі кезде машиналар жартылай өткізгішті элементтермен, ал соңғы кездегі машиналар жартылай өткізгішті интегрралсхема негізінде жұмыс істейтін болды. Бұл салада оптикалық электрониканың голографияның, криогендік электрониканың келешегі зор. Радиотехниканың өнеркәсіп пен шаруашылықта қолдануы Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары: аса таза металдарды алуда, болат бұйымдарының беттік қабатын шынықтандыру кезінде, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылуда. Радиотолқындар қолданысы метеорология ғылым саласымен тығыз байланысты. Бұған радиотолқындардың таралуында тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде іске асырылатын радиометеорология тікелей мысал бола алады. Атмосфералық радиобөгеулерді зерттеу негізінде радиоастрономия пайда болды. Оптикалық телескоптармен байқалмайтын әлем аймақтары радиотелескоп арқылы зерттеледі. Радиотелескоптар арқылы пульсарлар ашылды, біздің Галактиканың көзге көрінбейтін ядросы зерттелді, астрономиялық жаңалықтар ашылды. Радиотехниканың дамуы үшін Халықаралық ғылыми радиоодақ, Халқаралық радио консультативтік комитеті, радиожиілікті бөлу жөніндегі Халықаралық комиссия сияқты ұйымдар да маңызды жұмыс атқарды.


Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
1 0

Добавить комментарий