Электр энергетикасы

Электр энергетикасы

Электр энергетикасы туралы мәтін Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті – электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала – кез келген елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі. Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады. Электр энергиясының негізгі өндірушілері: I. Жылу электрлік стансасы (ЖЭС): Конденсациялық электрлік стансасы (КЭС); Жылумен жабдықтау электрлік стансасы (ЖЖЭС); Атомдық электрлік стансасы (АЭС). II. Су электрлік стансасы (СЭС): су жинаушы электрлік стансасы (СЖЭС). Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансылар электрлік жүйелерді құрайды. Энергия туралы қызықты фактілер Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайызы энергия жылу шығаруға кетеді. АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энергиясы елдегі 25 ірі электр стансының шығаратын энергиясына тең. Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жетеді. Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қазбаларды жағудан пайда болады. 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр. Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалыпты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энергия қажет. Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0,013%-ы Google компаниясына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді. АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-сі көмірден алынады. Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бөгет болып табылады. Бұл алып стансы миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді. Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құрайды. Жер бетіндегі ең алып жел стансысы АҚШ-тағы Техас штатында орналасқан. Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та деп есептеледі. Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі. Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO2 газы, жер бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда көп. 29 Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ тұтынады. Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді.


Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...