Қазақ елі жасасын!
Нургазина Анеля
9 сынып,Федоров орта мектебі, Ұзынкөл ауданы ,Қостанай облысы
Жетекшісі: Оспанова Сабира Мұқашқызы

Шығарманың ұраны: Жеңіс Қасиетті мен ауыр Халықтарды нығайтады,көмектеседі және бізге дейін жетеді. Жеңіс біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Жетісі,салтанат,мейрам. Қазақ ел басына ауыр күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген ержүректе,жауынгер халық.Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген үрей сезімін алып тастап биікке көтерген.Оның анық дәлелі намысын ел тарихындағы аты аңызға айналып,өшпес ерлік жасаған батырлар есімі куә.Ұлы Отан соғысының тарих парақтарында алтын әріппен жазылған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов пен Төлеген Тоқтаров,Нүркен Әбдіров пен Қасым Қайсенов т. т б есімдері мәңгілік өшпейді. Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл көктемде 71 жылтолады. Бірақ ҰлыЖеңістіңұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні –бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке . Бұл мерекебейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын,Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігіндәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бала жасынан бейнетті көп көріп, ерте жетім қалған Садиқан Қазыбаевты өмір үлкен сыннан өткізіп, шыныққан құрыштай етіп шығарған. “Жүзге жетпей, өмірден өтерім жоқ” деп әзілдей айтса да, өзіне қайрат бере сөйлейтіні де сондықтан. Сәкең – Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылының тумасы. Ашаршылық ауыртпалығынан жан сақтау үшін оның отбасы 1931 жылы аудан орталығы – Пресновкаға көшіп келген, әкесі Қожахмет сондағы “Сталин” ұжымшарында ағаш шебері болып істеген.
Ел басына түскен аштық зардабынан орыс ағайындардың арасында жүріп, аман қалғандары анық. Алайда, “Жұт жеті ағайынды” дегендей, бала басына түскен ауыртпалық аз болған жоқ. Он жасында анасы Мүслимадан айрылды, одан әрі білім алу туралы ойлау да мүмкін емес еді. Өмір бақи үш-ақ сынып орыс мектебінің білімімен шектеліп қалғаны да сондықтан. Көп ұзамай әкесі істі болып, қамауда жатып көз жұмды. Отбасында қалған бес баланы әкесінің апасы Мәкен өз қолына алды. Жоқшылық жылдары оның қандай өмір болғаны белгілі, амалсыздан 13 жасынан еңбекке араласуына тура келді. Ұжымшарда мал бақты, дала жұмыстарында өгіз басына отырды. Әйтеуір не керек, іні-қарындастарының күнкөрісіне септігін тигізіп, Ұлы Отан соғысы алдында тізе бүкпей еңбек етті. Сол бір кездегі толарсағынан боз қырау кешіп, не ішер асқа, не киер киімге жарымаған күндері еске түссе, әлі күнге дейін сай-сүйегі сырқырайды. Соғыс басталған жылы астық жаман шыққан жоқ. Бірақ соны дұрыс жинап алатын жұмыс күші жетпей жатты. Ұжымшардағылар тайлы-таяғы қалмай егінді маялап үйіп, оны кейін қыста соғып алды. Сол кезде кәмелеттік жасқа жетіп қалған Сәкеңді ұжымшар басшылары жұмыстың тек ұрымтал тұсына жұмсайтын. Жастайынан еңбекпен шыныққан ол өте қажырлы еді, астық маясын айырлап лобогрейка өңешіне лақтырғанда оған тең келетін жан табыла бермейтін. Жастайынан өмір көрігінде қайнап, әбден ысылған оған майданның жорықты жолдары өзгелерге қарағанда жеңілдеу тигені рас. Әрі орысша аздап сауаттылығы да бар, тілден қиындық көрген жоқ. Он сегізге толған өндір жас әскерге 1942 жылдың жазында шақырылып, Алтай өлкесіндегі Бийск қаласында дайындықтан өткен соң келер жылдың наурыз айынан бастап соғысқат кіреді.
– Екі соғысты басымнан өткердім. Әуелі Малиновский қолбасшылық еткен 2-ші Украин майданындағы 73-ші жаяу әскер дивизиясының құрамында Харьков, Молдавия, Румыния, Австрия және Чехословакия бағытындағы азат ету ұрыстарына қатысып, неміс басқыншылары тізе бүккеннен кейін Қиыр Шығыстағы жапон милитаристеріне қарсы шайқастым. Батыс майданында жаудың әуе шабуылы кезінде бір рет қатты контузия алғаным болмаса, денеме сызат салған басқа жарақатым жоқ. Жаяу әскер – майданның алғы шебіндегі жасақ, кез келген соғыс қимылдарынан соң оның қатары мүлде сиреп қалады. Сол себепті қатардағы жауынгер болғаныммен, ұрыс кезінде взвод басқарған кездерім де болды. Мәселе шен мен дәрежеде емес, соғыста алдымен бас амандығын тілейсің, “Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі” демекші, әйтеуір, дәм-тұзымызды елден жазды ғой, – дейді Садиқан ақсақал сонау отты жылдарды еске алып. Айта берсе, оның әңгімесі таусылатын емес. Мысалы, жапонның Квантун армиясын талқандағаннан кейін ондағы кеңес әскері Қытай жағына қолдау жасап, басында Мао Цзедуннің жеке басын күзетуді де өздері жүргізіпті. Ақсақал сол күзеттің құрамында болғанын айтады.
Сәкең әскерде бес жыл қызмет атқарып, елге 1947 жылы ғана оралыпты. Үйде бір інісі мен бір қарындасы ғана қалған екен, өзінен кейінгі бір інісі әскерге алынып, ал бір қарындасы тұрмысқа шығыпты. Өзі де бірден үй болуды ойлады, Жарқын ауылынан Рабиға есімді қызбен көңіл қосып, шаңырақ көтерді. Оған Мәкен апасы шама-шарқынша той жасап берді. Еңбек десе, елегізіп тұратын Сәкең бірден Преснов орман шаруашылығына қатардағы орманшы болып орналасты. Содан табан аудармай 37 жыл жұмыс істеп, зейнет демалысына шықты. Бауырынан тараған жеті баланы өсіріпоқытып, бәріне жоғары білім беру үшін молырақ мал ұстап, үй шаруасын күйттеді. Балалар демекші, бәйбішесі Рабиға әжей екеуі бүгінде солардың қызығына кенеліп, 14 немере және 4 шөбере сүйді. Отбасына ұйытқы болған асыл ана бұрнағы жылы алтыннан алқа тағып, елінің көпбалалы анаға деген құрметіне бөленіп отыр. Ерлі-зайыпты үйелмендердің бағына қарай Алла тағаланың оларға берген тағы бір сыйы – 65 жыл бір шаңырақтың астында түтін түтетіп келе жатқандары. Бұл ілуде біреудің ғана маңдайына жазылған бақыт. Соғыс ардагері мен тыл еңбеккерінің отбасына өткен жылы қаланың жаңа ауданынан жайлы коммуналдық пәтер берілді.
– Осындай жақсылық жасап, еңкейген шағымызда екі бөлмелі пәтер беріп, қолымызды жылы суға тигізген алдымен Елбасына және облыс, қала басшыларына айтар алғысымыз мол, – дейді олар. Жылдағы Жеңіс мерекесі – Садиқан Қожахметұлы үшін қашанда үлкен мейрам. Қалаға көшіп келгелі мәңгілік алау басындағы салтанатты жиыннан қалып көрген емес. Мерекеге бәйбішесі Рабиға ақсақалының төсі орден мен медальға толы костюмін күні бұрын дайындап қойыпты. Оларды көріп, майдангердің жеңісті жолына қаныға түстік, атап айтқанда, Харьковты, Кишиневті, Будапешті, Венаны жаудан азат етуге қатысқанын білдік. Өңірінде Отан соғысы орденінен басқа Германияны және Жапонияны жеңгені үшін медальдары да жарқырайды. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең,аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған,білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Патшаға таупиық берсін,еліміз аман, Отанымыз тиыш болсын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?