» » » Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар

Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар

Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар казакша Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар на казахском языке
Тасболатова Ұлжан
Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қаласы № 8 ЖББОМ0» КММ 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: Нурмаганбетова Ж.А.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Тарихымызда қалған бұл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге ала құйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы зұлмат-екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымды жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Ұлы Отан соғысы кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қариялар азайып бара жатқанын, олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторларын, майдангерлерімізді сыйлап құрметтеу, оларға қамқорлық жасау – басты борышымыз. Осы сұрапыл соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды, қаншама ана, жесір балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елді мекендерінде көптеген көшелер, ғиматтар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлеп ешқашан ұмытылмақ емес. Төрт жыл, мың төрт жүз он сегіз күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде , Москва мен Ленинградта болған ұрыстарда батыл ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Қазақ - ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына көзіміз жетеді.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль,ордендермен марапатталса, бес жүздей адам Кеңес Одағының Батыры, жүзден астам адам даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жау тылында партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы мен жиырма сегіз панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Миллиондаған адам мерт болды. Миллиондаған адам мүгедек болып қалды. Миллиондаған адам бет алдына босып кетті. Осы жеңіске қаһарман жауынгерлердің ерен ерліктерінің арқасында жеттік. Біз, осы күнге жеткізген, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. «Ұлы Отан соғысы» және «Ұлы Жеңіс»... Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс - біздің халқымыздың орасан құрбандықтарымен келген қасіретті арифметика. Ұлы Отан соғысында қасық қаны қалғанша ел үшін, жер үшін соғысқан ата-апаларымызға мың тағзым! Шығармамды жүрегімді елжіретіп, көзіме еріксіз жас ұялататын Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Біз әрқашанда жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді әлі талай буын мерекелейтін болады.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 36 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар
Шығарма: Жеңісім – салтанат, сән, сәулет
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңісім – салтанат, сән, сәулет
Шығарма: Батырлардың бас идік ерлігіне!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Батырлардың бас идік ерлігіне!
Шығарма: Ұмытар ма мені елім
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұмытар ма мені елім
Шығарма: Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!
Шығарма: Ұлы  Жеңіс - ұлы  жетістікке  жетелейді
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіс - ұлы жетістікке жетелейді
Шығарма: Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!
Шығарма: Қазақ батырларының ерлігі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақ батырларының ерлігі
Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс
Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Соғыстан қайтқан солдаттар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыстан кайткан солдаттар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыстан қайтқан солдаттар, шығарма Соғыстан қайтқан солдаттар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Согыстан кайткан солдаттар на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жос, Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы