» » » Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын!

Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын!

Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын! казакша Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын! на казахском языке
Берікұлы Есет
7- сынып, Т. Жүргенов атындағы орта мектебі
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылы
Пән мұғалімі: Тлеубаева Айсәуле Әбдімәлікқызы

1941 жыл 22 маусым ... фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды... Қазақ елі үшін ауыр жылдар еді... Фашистер Кеңес үкіметінің жерін басып алу үшін бар күшін салды. Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Батыр атағын шығыс қыздары ішінде алған халқымыздың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованы , сом білекті атамыз Бауыржан сынды батырларымызды әрдайым да мақтан тұтамыз.Олар – елін қорғап қалу үшін төсін оққа тосқандар. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы Бауыржан Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”. Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім!” деген жырын арнады.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылыдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай , ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екеуі Қазақстанда жасалғанды. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер-азаматтар қаншама. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында біздің жерлестеріміз де өшпес даңққа ие болды. Қаншама қазақстандықтар Кеңес Одағының батыр атағын алып, қаншама жауынгер ордендер мен медальдармен марапатталды. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқталғанына 75 жыл толып отыр.
Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?! Ақыры олардың үміті мен сенімі аяқталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс қолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті, бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істері мен Отан үшін күрескен батырларымызға алғысым шексіз. Осындай батыл да ержүрек аға-апаларымыздың арқасында еліміз өз тәуелсіздігін алды. Әлемдегі теңдесі жоқ қазына – Тәуелсіздікті бабаларымыз бізге сыйлады.
Келер ұрпақтың қамын ойлап, Отаны үшін отқа түскен батырларымыздың арқасында біздің балалық шағымыз алаңсыз, уайымсыз өтуде. Халқымыздың аталы сөздерімен қарулана отырып, егемен еліміздің шоқтығын биіктете беру үшін біз де тер төгіп, еңбек етуіміз керек. Аға ұрпақтың жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы – біздерміз. Біз бейбітшілікті жақтаушы елміз, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде тыныштық сақталсын. Жасасын, Мәңілік ел –Қазақ елі!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 20 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығарма: Ұрпақ келешегі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұрпақ келешегі
Шығарма: Жеңіс туы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс туы
Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы
Шығарма: Жаңа заман
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жаңа заман
Шығарма: Бізге келген жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бізге келген жеңіс
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығарма:  Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Шығарма: Әлемнің құлпырған кезі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Әлемнің құлпырған кезі
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығарма: Өз жерін қорғаған азаттық соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Өз жерін қорғаған азаттық соғыс
Шығарма: Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре
Шығарма: Тарихта қалған күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта қалған күн
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ұлы Жеңіс жасасын! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Женис жасасын! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Жеңіс жасасын!, , Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы