Жеңіс туы

 Жеңіс туы

Телибаева Жансая
6 сынып, №76 ЖББМ Алматы каласы
Сынып жетекшісі: Алданазарова Мухаббат Сабитовна

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды.Олардың жетекшісі Адольф Гитлер Германияда қатаң тәртіп орнатады. Гитлер КСРО-ны басып алу мақсатында «Барборосса» атты жоспар құрады. Ең алдымен КСРО-ның батысына шабуыл жасап, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігі Мәскеуге дейінгі аумақ түгел жаудың қолында қалады. Ал КСРО-ның әскері кері шегінеді.Себебі: соғыс басталғанда репресиялық уақыт болған.Сол кезде ең жақсы деген офицерлер ату жазасына кесілген болатын. Соның әсерінен армияны басқаратын талантты командирлер қалмады. Кейін шегінген әскер Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді.Мәскеу тұрғындары түгелдей сапқа тұрып қорғауға шықты. Осы шайқаста Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясы қатысады. Бұл дивизияны генерал-майор И.В.Панфилов басқарады.И.В.Панфилов Мәскеуді қорғау кезінде үлкен ерлік жасап қаза табады. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері өздерін панфиловшылар деп атаған. 28 батыр жаудың 20, содан кейін 30 танкісін 4сағат бойы қалаға жібермей ұстап тұрып қаза табады. 28панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының батыры деген атақ беріледі. Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры аға- лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетеді. Мәскеу үшін шайқастарда Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров т.б. жауынгерлер мемлекеттік наградаларға ие болған.
Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала – Ленинградты қорғаудағы және азат етудегі кеңес халқының ерен де ерлікке толы батырлығы ерекше. Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, басып алмақшы болады.Алайда кеңес әскері бұл әрекетіне қарсы тұра білді,жау әскері оларға жауап қайтарып қаланы қоршауға алып,қаламен барлық байланысты үзіп тастайды.Фашистердің ойынша аштықтан, суықтан қалжырақан халық өздігінен беріледі деп ойлады.Қалада азық-түлік жетпей ашаршылық басталады. Соған қарамастан қала халқы жұмыстарын істей береді.Ленинградтан орталыққа дейін тек қана бір жол болатын. Осы жолмен Ленинградтан жүк машиналары азық-түлік оқ дәрілерді тасымалдайтын.1994 жылы ғана жау қоршауын бұзып, ығыстырып қуып шықты.Қазақстандық 310,316 атқыштар дивизиясы Ленинград үшін болған шайқаста басынан аяғына дейін қатысады.Әйгілі шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сияқты қыздарымыз ерлікпен қаза тапты. Сонымен қатаркеудесімен жау пулеметін жауып қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетовсияқты батырларымыздың ерлігі ешқашашан ұмытылмайды. Ұлы отан соғысында әрбір қазақстандық майданға қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600 адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атты атағын алса, соның 497 қазақстандықтар болды.Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық К.А.Семеченка болды. Ұлы
Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері Ж.Елеусіз еді.19411945 жылдары қазақтың 100-ге жуық ақын жазушылары соғысқа қатысты.
1945жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин төбесіне жеңіс туын тікті. Олардың ішінде Рейхстаққа бірінші шыққан Р.Қошқарбаев болды.Бір өкініштісі Кеңес өкіметі Р.Қошқарбаевтің ерлігін жасырып, Рейхстаққа бірінші мінген орыс пен грузин болуы керек деп мойындамады. Ұлы Отан соғысы1945 жылы Германия өзінің жеңілгендігін мойындағанмен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.Соғыс жылдары капитан Н.Ф.Гастеллоның ерлігі саналып, ұзақ уақыт бойы ұмыт қалған Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі халқымызбенқайта табысты.Б.Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының батыры, «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО 27 млн азаматынан айырылды, соның 4101 қазақстандықтар болды.1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады. Ұлы Отан соғысы халықтардың достығын нығайтты. Жеңіс КСРО-ның болашағына төнген қауіптен сақтап қалды. Ұлы Отан соғысы КСРО- ның құрамындағы халықтардың басынан өткен қиындыққа толы кезең болды. Осы қиындыққа толы кезеңді біздің Қазақ елі мүдірмей өтті.
Міне Жеңіске 2015 жылы 70 жыл толған , осы жылы 71 жыл толмақ. Қанша жерден экономика өссе де біз Жеңісімізді ұмытпауымыз керек.Қазақ елі көп қиындық көріп жапа шексе де ешқашан берілмеген, осы қиындықтың бәрі Ұлы Отан соғысы кезінде болды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі