» » » Шығарма: Отты жылдар жадымызда

Шығарма: Отты жылдар жадымызда

Шығарма: Отты жылдар жадымызда казакша Шығарма: Отты жылдар жадымызда на казахском языке
Жолдыхайыр Перизат
9 – сынып, Мұқыр орта мектебі Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы
Жетекшісі: Ерғали Маржан Ғайсақызы

Өлген жоқсың,қатардасың,
Солдатсың сен, азамат!
Бүкіл әлем замандасың
Қадірлейтін адамзат.
Қ.Көпішев
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, қазіргі таңда Қазақстанда алаңсыз өмір сүрудеміз. Бізге мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста қолына қару алып,қасық қаны қалғанша соғысқан аға ұрпақ сыйлады. Бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған Германия Гитлердің «Барбаросса» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гитлер Кеңестер одағына қарсы «Қауырт соғыс» ашып, 8-10 апта ішінде аяқталуға тиіс деп жоспарлады. Сөйтіп 1941 жылдың 22маусымында таңға жуық фашисті әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны,Белоруссияны басып алып,Ленинградты қоршады. Мәскеуге жақындады. Ленинград үшін болған шайқаста халық ақыны Ж.Жабаев жауынгерлерге «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.
1941 жылдың желтоқсанында герман армиясы Мәскеу түбінде тоқтатылып, Гитлердің «Қауырт соғыс» жоспары іске асырылмады. Мәскеу түбіндегі шайқастарда генерал И.Панфилов басқарған үш жүз он алтыншы дивизия қимылдары, атақты жиырма сегіз жауынгердің елу танкіге тойтарыс беруі, жас офицер Б.Момышұлы бастаған батальонның ерлігі әлемге жайылды. Талай нәубетті көріп, мың өліп, мың тірілген аға ұрпаққа Ұлы Отан соғысы да нардың белін майыстыратындай тауқымет арқалатты. Фашистік Германияға қарсы сол кездегі Кеңестер Одағының азаматтары ауызбірлікпен қарсы тұрып, Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл соғыс қаншама отбасын бақытсыздыққа душар етті десеңізші? Күш-қайраты бойында бұлқыған басым көбі өрімдей жастардан құралған елу миллион адамның өмірін қиып кетті. Ал жараланғандар мен мүгедек болып қалғандардың саны одан да көп.1418 күн мен түнге ұласқан фашизмге қарсы күресте, ер етігімен су кешіп,қасық қаны қалғанша соғысқан кеңес әскерлері сапында бір миллион сегіз жүз мыңға жуық қазақстандық та болды. Бес жүздей адам Кеңес Одағының батыры, жүз он жауынгер «Даңқ»орденімен марапатталса, алты жүз отыз мыңнан астам қазақстандық қиян-кескі ұрыстарда қаза тапты. Неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда ғана емес, тылда да көрсеткен ерлігі ұшан-теңіз. Олардың майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі тынымсыз еңбектері ерекше болды. Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер,кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқаннан кеш батқанға дейін еңбек етті. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жанқиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге» деген болатын. Ұлы Отан соғысына қатысып ерлік көрсеткен батыр атамыз Б. Момышұлы, партизан жазушы Қ.Қайсенов, Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қаһарман Р.Қошқарбаев, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, «Қанатты қыз» Хиуаз,Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының бас кейіпкері болып бейнеленген Қ.Смағұлов, ұшқыштарымыз Н.Әбдіров, Т.Бигелдинов т.б. майдангерлеріміздің есімі біздің Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі.
Әлем тарихына ең қанқұйлы деген атпен енген екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Ұлы Жеңіс туының желбірегеніне де биыл 71 жыл толып отыр. Миллиондардың қанымен келген Жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеу, халқымыздың өшпес ерлігіне тағзым ету- біздің қасиетті борышымыз. Салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлеріміз әрқашан жоғары құрметке лайық. «Бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының да ерлік істері ешқашан ұмытылмақ емес.
Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай республикалық ардагерлер кеңесі қарт майдангерлерді кездейсоқ көлденең оқиғалардан, жүрек талмасы, қан қысымы сияқты дерттерден аман сақтау үшін «Самұрық қазына» әл-ауқат қорымен бірлесіп, дабыл түймесі бар мобильді телефонмен тегін қамтамасыз етуге арналған «Өмір жолы» акциясын өткізді. Сонымен қатар «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» атты жинақтың кезекті томы шығарылды. Өзіміздің Атырауда облыс бойынша майдан даласында қаза тапқан, хабарошарсыз кеткен боздақтарға арналып мемориалды ескерткіш тақта орнатылды. Өзімнің ауылымда да майданнан оралмаған жауынгерлерімізге ескерткіш тақта орнатылған. 9 Мамыр мерекесінде ескерткіш жанында салтанатты жиын өткізіліп, оларды құрметпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, бас иеміз.
Ұлы Жеңіс - барлық халықтың жеңісі. Сондықтан кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұланғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталады. Енді ешқашан соғыс болмасын, аспанымыз ашық болып бақытты өмір сүрейік!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 25 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Отты жылдар жадымызда туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Отты жылдар жадымызда на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Отты жылдар жадымызда, шығарма Отты жылдар жадымызда туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Отты жылдар жадымызда на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен О, Шығарма: Отты жылдар жадымызда шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы