Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

 Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

Тұрсынғали Гүлзат
6 сынып, № 23 жалпы орта мектеп
КММ ОҚО облысы, Түркістан қ.
Жетекшісі: Султанбекова Жәудір Еркінбекқызы

Басы қатты, аяғы тәтті болған кез...
1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ия, осы уақыттың сүйекке таңба салған жарасына, қайтпас қайсар бабаларымыз мойынсұнбай төтеп берді. Кешегі оқиға, бүгінгі тарих. Олай болса сол тарихты білу, келешекке үмітпен қарайтын мына біздерге парыз. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді», Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы медицина интитутының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. Мәншүк пен Әлиядан басқа халқының абыройын асырып, елінің даңқын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралыларды өлімнен құтқарған көптеген Қазақ қыздары майдандағы ерліктеріне лайық орден, медальдармен, бас қолбасшының алғыс хаттарымен марапатталған. Алайда, осы сұрапыл қанды қырғында өмір мен өлімнің арасында жас өмірін сарп еткен қандастарымыз жөніндегі деректер өте аз, олардың көбісінің есімдері де белгісіз. Мұнымыз майдангер апаларымыз бен аталарымыздың алдында кешірілмес деп ойлаймын.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Отан соғысының дүрбелеңіне - 75 жыл, жеңістің туы желбірегеніне -71 жыл! Дәл қазір ашық аспан, бейбіт өмір аясында тіршілік кешудеміз.
Алайда,
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп ақиық ақын Мұқағали атамыз айтса айтқандай екен. Жеңіске жеткенімізге 75 жыл деп қуанғанымызбен, сол жеңіске жеткізуде өз өмірлерін қыршын қиған ата-бабаларымыз қаншама... Аман қалғанының өзі саусақпен санауға да қалды ма? Ендігі жерде ата-баба аманатына қиянат жасамай, елдің туын жықпай әрқашан биікте ұстау бізге міндет деп білемін. Осы күніміз ұзағынан болса екен. Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін! Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев атамыз айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді. Қасық қаны қалғанынша көзсіз ерлік жасаған ата – бабаларымыздың ерен еңбектерін мақтамаймын, сондай жаны таза, ары биік, өзгенің мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын ұлттың ұрпағы екендігіммен мақтанамын. Ата –баба рухына тағзым ете отырып, келешек ұрпақтың бойында да осындай елдік, ерлік қасиеттер сақталса екен деп тілеймін. Еліміздің ынтымағы артып, ауызбіршілігі нығайа түссе деп тілеймін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!