Мәңгілік рух өшпес даңқ

 Мәңгілік рух өшпес даңқ

Құрманша Жалғас
9 – сынып, Мұқыр орта мектебі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы
Жетекшісі: Ерғали Маржан Ғайсақызы

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.Олар майданға үш топ болып аттаныпты.Алғашқы екі топ Мәскеуді қорғауға аттанса, үшінші топ Брянск бағытында болыпты. Атқыштар Х.Сатанов, М.Дүйсенғалиев, Ә.Аралов, Ғ.Зайыров, О.Думов, С.Табынбаев және минометчик Р.Нұрсұлтанов Мәскеу түбіндегі ұрыста ерекше көзге түскен. Курск маңындағы шайқаста Е.Ізтілеуов, Б.Жұлалиев, Есенбаев Қойлыбай мен Қойшыбай, Қасимов Сүлеймен мен Қасым немістердің жаяу және танкілі әскерлерінің күлпаршасын шығарған. Майданға аттанған жерлестеріміздің көбі елге оралмады, ал елге аман келгендері адал еңбек үлгісін көрсетіп, әр түрлі қызметтер атқарып, жастары ұлғайып өмірден өтті.
Менің атам Дүзжасаров Құрманша да 1942 жылдың қараша айында соғысқа аттаныпты. Атам Сталинград шайқасына қатысып, оң қолына оқ тиіп, 1945 жылы елге оралыпты. Шындап келгенде, тәуелсіз мемлекеттің ұланы болып жүргеніме атамның да қосқан үлесі зор деп мақтанышпен айта аламын. Иә, Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ер азаматтар майданға аттанып, елдегі ауыр жұмыстардың барлығын әйелдер мен бұғанасы қатпаған балалар атқарды. Жер жыртып, егін салды.Әйелдер қолдарына орақ ұстап,щөп шапты. Жұмыстардың барлығы қол күшімен атқарылды.Кешке оттың жарығымен, айдың әлсіз сәулесімен қолғап, шұлық,сан түрлі жылы киімдер тоқып, майдан даласында жүрген жауынгерлерге жөнелтіп отырды.
Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық Жеңіске биыл 71 жыл. Бұл жеңіс бізге жиырма миллион адамның қанымен,тірілердің табан ет, маңдай терімен келген. Сонау Жер ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер – бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс-Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп еңбек еткен тыл ардагерлерінің мейрамы» деген болатын. Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқан Қазақстанның өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджеттен бес миллиард алты жүз тоқсан миллион теңге бөлінді. «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің орталық кеңесі «Самұрық-қазына» ұлттық қорымен бірлесіп «Өмір желісі» акциясын өткізіп, дабыл түймесі бар мобильді телефонды ардагерлерге тегін тарту етті. Өзіміздің Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында «Белгісіз солдат» ескерткішінде Қызылқоға аймағы бойынша Ұлы Отан соғысынан оралмаған мың төрт жүз жетпіс жеті боздақтың есімдері жазылған гранит тақта орнатылды. Өзімнің ауылымда да майданнан оралмаған жауынгерлерімізге ескерткіш тақта қойылған. Ұлы Жеңіс мерекесінде оларды құрметпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, рухтарына бас иеміз. Аға буынның мәңгілік ерлігі, өшпес рухы ешуақытта ұмытылмайды, керісінше «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын жаңғыра береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі