» » » Шығарма: Ұрпақ келешегі

Шығарма: Ұрпақ келешегі

Шығарма: Ұрпақ келешегі казакша Шығарма: Ұрпақ келешегі на казахском языке
Аятова Алиша
5 сынып оқушысы, № 51 гимназия Астана қаласы
Жетекшісі: Муратова Индира Жаркынбековна

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды.
Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды .
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.
Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза табты. Ұлы отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының жауынгерін алса, оның 497 қазақстандық болған. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астамержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отаны үшін жанын қиған қазақ батырлары өте көп. Соның ішінде: пулеметші М.Маметтова , мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағанбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, квалерист М.Қатаев, сапер С.Гончар, торпедалы кеменің камандирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Б.Момышұлы бар. Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астыңда бірігіп, күштерін біріктірді.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Алғашында Гитлер он үшінші маусым басып кірем деп жоспарлаған, содан кейін кей бір жағдайларға байланысты жиырма екісі деп сайлады.
Халыққа екінші дүние жүзілік соғыс болатынын жариялағанда халық есеңкіреп қалды. Содан кейін барлығы бірігіп жауды жеңді. Сол Ұлы Отан соғысына алпыстан астам ел қатысқан. Қарағанды шахтёрлер 4жыл ішінде 34миллион тоннакөмір шығарды. Бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанына 3миллион тонна артық еді. «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген үндемеумен маңдай терін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді.
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды.
Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті. Панфилов ерлікпен қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері оның кұрметіне панфиловшылар деп аталды.Осы шайқаста болған жиырма сегіз панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 28 батыр жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза табты.Сол 28 панфиловшылыардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры, аға летенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Қазақ халқының қаһарман ұлдары фашисттік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқас жүргізді. Олар жауды астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәңілік Ғабдулин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев тағы басқалар жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ұлы соғыс батырлары
Әлия Нармұханбетқызы Молдағұлова «1925-1944» кейінен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
1942 жылы өз еркімен соғысқа қатысқан. 1944 жылы Ленинград маңындағы маңындағы елді мекенді азат етуге қатысады. Алдыңғы шепте жүрген Әлия: «Отан үшін алға!»-деп, барлық ауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылды. Ержүрек мерген кыз жиырмаға толмай жау оғынан көз жұмады. Майдандағы асқан ерлігі үшін Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Мәншүк Жиенқалиқызы Мәметова «1922-1943» Мәншүк Мәметова- Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулемётті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Невель қаласын қорғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметова есімімен аталады. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан. Ол- жазушы, Кеңес Одағының батыры. Соғыс аяқталғаннан кейін 1956 жылы әскери демалысқа шыққан.
Ата ағаларымыздың, әпкелеріміздің жасаған ерлігінің бізге деген тәрбиелік мәні, бізді отанымызды сүюге, отанымызды қорғауға, мәңгі ұмытпауға шақырады.Осы Ұлы Отан соғысының болғанына бізге 71жыл толды. Біз бұл мерей тойды жыл сайын атап өтеміз.Сонымен қатар біз сол ағаларымыздың, әпкелеріміздің ерліктерін біз ешқашанда ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыздың ерліктері бізді сондай батылдыққа, ержүректікке, отан сүйгіштікке, отанымызды жанымыздан артық жақсы көруге шақырады.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 32 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Қайсар ерлікпен келген жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қайсар ерлікпен келген жеңіс
Шығарма: Жаңа заман
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жаңа заман
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығарма: Ер есімі-ел есінде
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ер есімі-ел есінде
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елімнің жеңісі
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығарма: Ерлікке тағзым
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлікке тағзым
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ұрпақ келешегі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Урпак келешеги на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұрпақ келешегі, шығарма Ұрпақ келешегі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Урпак келешеги на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен Ұрпақ келешегі, Шығарма: Ұрпақ келешегі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы