Қазақша реферат: Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860) » ZHARAR © 2016 | Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша омирбаяны, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке таттимбет казангапулы




  • »

Қазақша реферат: Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860)

Қазақша реферат: Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860) казакша Қазақша реферат: Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860) на казахском языке

Адам баласының тағдыры әрқалай. Табиғат берген өнер бойына қанша күш-қуат құйса да, Сегіз серінің, Құрманғазының, Біржан салдың, Ақан серінің, Жаяу Мұсаның өмірлерінің оншама бақытты болмағанын білеміз. Олар өз ортасына сыймай, азуларымен, қиянатшыл адамдармен алысып өтті. Ал қазақ халқының күй өнерінде айрықша орын алатын Дәулеткерей мен Тәттімбет тағдыры мүлде бөлек. Екеуі де ауқатты отбасында тәрбиленген, ешкімнен қиянат-зорлық көрмеген. Бірақ жүректі тербейтін, көңілді оятатын саз ешуақытта тоқмейілсуден, жайбарақат жағдайдан тумайды. Өнер адамының ойын шайқайтын, сезімін қозғайтын құбылыстар өмірде көп.

Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы аймағында туып-өскен Қазанғапұлы Тәтімбеттің айналасы тамаша табиғат- Арқаның мөлдір сулы, шалғынды жайлауы еді. Той жасап, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қазы-қартаға, қымызға қарық болып жатқан елде ержетті Тәттімбет.

Құдай берген дарынның арқасында Тәттімбет ауыл ішіндегі күйшілерден тәлім-тәрбие алып, өзі де өрен жүйрікке айналады. Жиын-тойлардың гүлі- әсем жігіт, қыз-қырқындардың ішінде күйшілік өнерін таныта бастайды. Бір домбырашы қызбен жарысқанда 39 күй орындаса да жеңілмеген қызды бір аяғын шешіп тастап, қырқыншы күйді башпайымен тартып сүріндірген екен дейді. Ол кездегі салт бойынша, қыз бала аяқ киімін шешіп, башпайларын тартып сүріндірген екен дейді. Ол кездегі салт бойынша, қыз бала аяқ киімін шешіп, башпайларын көрсете алмай, жеңіледі. Осыдан ойын-сауықтарға кездескен қыздардың өнеріне, сұлулығына қызығып, көңілі шалқыған Тәттімбет «Былқылдақ», «Сылқылдақ» деген тамаша күйлер шығарған.

Өнерлі жігітті ел басқарушылар үлкен жиындарға, ас, тойларға ертіп баратын еді. Омбының генерал-губернаторы қатысқан арқадағы үлкен бас қосуда өнерпаз жігіт күй тартып, боз жорға атын билеткен деген аңыз бар. Ол осындай өнерінің арқасында үлкен делегациямен бірге Ресей мемлекетінің астанасы-Петербургке де саяхат шеккен.

Ел ішіндегі жайбарақат күндер артта қалып, аспанды ала бұлт қаптай бастайды. Ресей отаршылдары бірте-бірте ішке кіріп, қазақтың шұрайлы жерлерін, өзен, тоғайларын иеленуге кіріседі. Еліміздің ең сұлу өлкелерінің бірі-Қарқаралы маңайына отаршылдар қаптап келе бастайды. Орыстар өзен-бұлақ бойларына үйлерін салып, бекет орнатып, жайлауларға картоп егеді. Осының бәріне, өмір құбылыстарына ойлы көзбен қарайтын, елі мен жерінің келешегін болжағанда жүрегі сыздайтын Тәттімбет «Көкейкесті», «Сарыжайлау» күйлерін шығарған. Мәңгі өлмейтін бұл күйлерде өмірдің өкінішті екені айтылады. Тәттімбет туралы тамаша әңгіме жазған Тәкен Әлімқұлов: «Өмірдің барлық қызығын Сарыжайлау арқылы танып, сол жайлауға шексіз шаттанған, шаттық арқылы жапа шеккен, қуанышы мен өкініші аралас жат лебіз! Шалқыған жаздың, салтанатты жайлаудың дерегін жартастан сұраған ащы әуен! Өмірдің өзі жайлаудай түлеп, алмасып, өзгеріп тұратынын анық пайымдаған түйсікшіл пенденің шын сыры. Сарыжаздың, Сарыжайлаудың шежіресі!»-дейді.

Тәттімбет күйлері қазақ операсының інжу-маржаны саналатын «Қыз Жібекте», «Абайда», симфониялық шығармаларда, оркестрлердің орындауында халық жүрегінде мәңгі сақталып келеді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 187
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша омирбаяны, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке таттимбет казангапулы, биография на казахском языке таттимбет казангапулы, биография на казахском языке, таттимбет казангапулы, реферат на казахском языке, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы, қазақша реферат, Қазанғапұлы Тәтімбет, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша реферат, таттимбет казангапулы туралы казакша омирбаяны, Қазанғапұлы Тәтімбет туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке таттимбет казангапулы, Қазақша реферат: Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .