Әдебиет | Манарбек Ержанов
Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді.
Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің атымен оның күмістей таза ашық та жарқын «жарқылдаған» жауҺар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қайнар бұлақ қасиетті қазынасына айналып отырғанына біздер куәгерміз.
Табиғаттың шынайы тұнбасындай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағының туғанына жүз жылдық торқалы тойы 2002 жылы аталып өтті. Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді. Атақты Қарқаралы … қазақ мәдениетінің ән мен күйінің пайғамбарлары «үйірімен үш тоғызы» Әміре мен Жүсіпбек, Естай мен Қали, Қосымжанды берген құнарлы топырақта Манарбектің тууы тегіннен тегін еместі.
Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.
Манарбекті өнерге баулыған ұстазы атақты дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші еді. Болашақ арқа ән дәстүрінің майталман шебері Манарбек үшін ұлттық өнеріміздің аңызы болған Әміре Қашаубаевтың өнері биік бедел үлгі-өнеге болды. Әнші жастайынан-ақ Сары арқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын бар құпыясын жетік меңгеріп Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады. Оның табиғаттың тұнбасындай таза да ашық жарқын саңқылдаған тембрлі бояуы күшті дауысындағы ақмартулы көркемдік қасиеттің болуы қазақ ән жауһарларын орндағанда құлпырып жанып кететін сиқырлы күйі болатын.
Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937 ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Ғарифолла Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп ойнады. Біріне- бірі ұқсамайтын қос саңлақ ұлттық операларымыз: «Қыз Жібекте» Шеге, «Жалбырда» Елемес, «Ер Тарғында» Сақан, «Абайда» Әзім, «Біржан-Сарада» Естай бейнелерін сомдады. Бұл рольдерді ойнауға Ғарифолла мен Манарбектің бүгін қайсысы шығар екен деген ынтызарлық әркез халықты қызықтырып елегізіп отыратын. Манарбек пен Ғарифолла арасында бірінші құрамда қайсысы ойнайтыны үнемі қиындықтар тудыратын. Екеуі де шебер, біріне-бірі сай, тең түсіп жататын. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?