Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары

Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары

Отбасы - әлеуметтік институт ретінде.
Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.
Отбасы әлеуметтану екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
2.2 Отбасының функциялары.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасының қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.
Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар қызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекешеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті қызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне :
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған не болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды. Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай қызмет түрлері де модификацияланады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.
Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдары қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді біреулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалады, соның ішінде материалдық-экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы (35-40жаста) бала туу санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, белорус, неміс, корей, татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері әсер етті. Бұларға адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдындағы ерлі-зайыптылық парыздарын орындау арқылы өмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта – отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрби атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы көптеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететі тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық қасиеттері ұл мен қыздың ой санасының, таным дүниесінің артуына, адамшылық жақтарының орнығуына әсері тигізбей қоймайды. Ата-ананың тәрбиесі сәбидің туған күнінен бастау алып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп, тәрбиенің талап-міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің маңызды түрлері – еңбексүйгіштікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа және т.б. баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жасөспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез-құлықтарының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша құлдырауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей байланысты.
Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі – ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қою да ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетті. Осыдан барып әкесі мен шешесі отбасынағы біртұтас тұлға деген түйсік-түсінікті бойына қалыптастырып сіңістіре алмаған жасөспірімдер әкесі мен шешесі бір-біріне тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады. Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі. Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар шолжың болып өседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мойындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ересек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықтардан қызғыштай қорыған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кездеседі. Осының салдарынан өзіне қойылатын жауапкершілікті қабыл алмайтын инфантильді жас адамдар легі өсіп жетілуде.
Профессионализмге келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалары мен мектептердегі кәсіби тәрбиешілер, педагогтардың иығына артып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Мұндай ата-аналар өз балаларына материалдық жағдай жасауды ғана борышым деп санайды. Ал тәрбие дұрыс болмаса, оған балалары кінәлі деп есептейді немесе өздеріне ауыртпалық түскенде ғана тәрбие ісіне араласады. Әлбетте, мұндай ата-аналар өзбалаларына тәрбие тұүрғысында ықпал етуде қатаң тыйым салу оларды балағаттау, ұрып-соғу тәсілдерін қолданады. Сөйтіп, ата-аналар мен балалар алшақтай бастайды, өзара қарым-қатынастары бұзылады, лоардың сенімі де жоғалады, бірлесе отырып талқылайтын мәселелерінің шеңбері де қысқара түседі. Осылардың салдарынан мұндай отбасындағы баланың бойында ересектермен пікір алысу тәжірибесі қалыптаспайды, ересектермен өзара қарым-қатынас орнатудағы қабілеттері дамымайды да, бұл жағдай кейін баланың әлеуметтік ортамен байланысуын күрделендіреді. Прагматистік тәрбие – баланы тәжірибелікке, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа, іскерлікке бағытталған. Нарықтық экономикаға көшу кезінде тәрбиенің осы бағытының кең түрде етек алуы әдетте қауіп-қатерге ұрындырады. Утилитаристік тәртіпке келетін болсақ, ол әдеттегі сана деңгейінен тым жоғары дәрежеде дамымайды, жаңа жағдайға орай соның ықпалынан шыға алмайды. Жоғарыда баяндағанымызды түйіндейтін болсақ, отбасының тәлім-тәрбиесінің статусы да, онда орын алған келеңсіздіктер де жас ұрпақтың әрқайсысына көп әсер етеді. Сонымен бірге бұл жаңа адамды дайындаудың маңызды процесінің болашақтағы қорытындысы қандай болатынын анық көрсетеді.
Отбасының шаруашылық-экономикалық функциясы отбасылық қарым-қатынастардың әр түрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, оларүй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін құрып, жұмасй білу, тұтынуды ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тең бөлу проблемасы, қарттар мен мүгедектерге қолдау, көмек көрсету мен қамқорлық жасау, т.б. қамтиды. Үй тіршілігін механикаландыру деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық қызмет көрсету тораптарының қызметін пайдаланудың қиындауы мен қымбаттауы тұрмыстағы проблемаларды ең алдымен әйелдердің иығына артты, бұл олардың онсыз да ауыр рөлдік жағдайын қиындата түсті, дәлірек айтқанда, әйелдердің кәсіби қызметі мен олардың отбасындағы міндеттері арасында, әйел, ана және еңбекші арасында қайшылықтар туындады. Зерттеулерге жүгінсек, жұмыс істемей отбасында отырған әйелдердің тұрмыс-тіршілігі әйелдерді аздан болса да қызықтырады, өйткені олар балалары мен күйеулерін күтуді маңызды шара деп есептейді. Көптеген әйелдер ер адамдарға қарағанда жұмыс уақыттарының қысқа болуын, ал жылдық демалыстарының ұзақ болуын қалайды.
Отбасының рекреациялық функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістер ұшыап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялық рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімінің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады.Аталмыш функция өзіне рухани-эстетикалық сәттерді, сонымен қатар отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып алған. Отбасы өмірінің рекреациялық мәселесі отбасы қатынасының мәдениетімен тығыз байланысты, бұл отбасының жалпы өміріне, оның тұрақтылығына, тіптен некенің сақталуына үлкен ықпал жасайды.Отбасының статустық функциясы да бар.
Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды. Әлбетте, таптық статус адамның күш-жігеріне орай және қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алайда адамның болашағын оның өз отбасынан іздеу керек. Ата-анасының және туыстарының статустарына етене жақын рөлді атқара білу статустарына баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге асыруы тиіс. Оны іске асыру барысында баланы әр түрлі жағдайларға, мүддлерге , құндылықтарға, өмір салтына қызықтыра отырып тәрбиелейді.
Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институы өз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықш акөңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болумен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімінің негіздерін алады, мінез-құлық дағдыларын қабылдайды.
Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Өз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!