Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді.
Отбасы-қоғамның пайда болуында ең негізгі элемент болып есептеледі. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы баланың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийі қалыптасады.
Отбасыны біртекті экономикалық кеңістігі, бір-біріне сенім артуы, өзара бір-біріне деген қамқорлық, қорғаушылық қасиеттері жеке құрылым ретінде бөліп көрсетуге болады.
Нақты өмірде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әр түрлі болады, әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді.Қоғам әрқашан өзгеріп отырады, соған байланысты отбасы қарым-қатынастары, түрлері де өзгереді.
Әлеуметтік саясат, сондай-ақ отбасылық әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттерін назарға алсақ, отбасы пайда болып, толық жойылғанға дейін отбасы өмірінде болып жататын өзгерістерге негізделген жіктеудің мәні зор. Басқаша айтсақ, сөз отбасының тіршілік айналымында (демографиялық және демографиялық емес) негізделген отбасы типологиясы жөнінде болып отыр. Отбасының тіршілік айналымы ата-аналық кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезең-ата-ана болар алдындағы, яғни некеге тұрғаннан кейін алғашқы бала туғанға дейінгі кезең. Отбасының тіршілік айналымының келесісі-репродуктивті ата-аналық кезең, яғни бірінші бала мен соңғы баланың туу аралығында кезең. Репродуктивті ата-аналық кезең әлеуметтенген ата-аналық кезеңмен, яғни тұңғыш баланың тууы мен соңғы баланың отбасынан бөлектеніп шығуы аралығындағы кезеңмен араласады. Отбасының тіршілік айналымы арғы ата-аналық кезеңмен, яғни алғашқы немеренің тууынан арғы ата-ананың бірінің қайтыс болуы аралығындағы кезеңмен аяқталады. Сонымен, жоғарыда сипатталған кезеңдер отбасының толық айналымын көрсетеді. Отбасының тіршілік айналымының кезеңдеріне негізделген отбасылық құрылымдарды жіктеу отбасы саясатының міндеттеріне нақты әрі тиімді қарауға, отбасылық әлеуметтік жұмыстың белгілі бір тактикасын таңдауға, отбасы проблемаларын шешуде неғұрлым табысты көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған отбасылық құрылымдар ең маңыздылар қатарына жатады, себебі отбасының әлеуметтік функциялырының орындалуы осылармен тығыз байланысты. Екінші жағынан алғанда, дәл осы құрылымдарды көрсету арқылы отбасындағы дағдарыстар, оның қоғамдағы, отбасының әрбір мүшесінің өміріндегі орны мен ролін жоғалтуы нақтырақ көріне бастайды. Осы отбасылық құрылымдардың өзгеруі отбасының функционалдық әрекетсіздігінің артуының нәтижесі мен көрінісі, сонымен қатар олардың артуын күшейтетін, отбасы динамикасында жайсыз құбылыстардың тереңдеуіне жол беретін фактор мен жағдай болып табылады.




Астана қаласы әкімдігінің жанындағы отбасы істері жөніндегі және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның отырысы психикалық денсаулық проблемалары орталығында болып өтті.
Күн тәртібінде қаралған тақырып “Зорлық құрбандарына көмек көрсету және оларды оңалтуды қамтамассыз ету үшін жергілікті билік органдарымен ҮЕҰ-мен өзара тиімді қарым-қатынас механизмдерін қалыптастыру” туралы сөз болды. Тақырыптың барысын талқылаған дәрігерлер қауымы үй ішілік керіспеушіліктің басты құрбандарының әйелдер болғандықтан аталмыш аурухананың ішінен ашылған кризистік орталықтың жұмыс барысымен таныстырды. Дегенмен, жарты миллионнан астам халқы бар астанадағы бір ғана орталық пен бір ғана телефон желісі жетіспеушілік туғызып отыр деп хабарлады. Бұл туралы осынау орталықтың психхологы Елена Белокурованың “Осы заманғы жанұядағы коммуникация проблемасы” атты баяндамасында толық талқыланды.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары Конфедерациясының Президенті Гүлзи Набиеваның сөз саптауында гендерлік саясатттағы әйелдердің ролі туралы сөз болып, ондағы мемлекеттік емес құрылымдардың қаншалықты үлес қосып отырғанын тілге тиек етті.
Отырыс барысында қалалық комиссияның мүшелерін секцияға бөліп ағымдағы жылдың жұмыс барысы талқынанды.










Проблемалы отбасын әлеуметтік қорғау шаралары.

Проблемалы отбасына әлеуметтік қорғау шараларын жүргізудің басты бағытын анықтайық. Бұл шаралардың бағытын қызметтің үш негізгі бағытына топтауға болады: 1) экономикалық шаралар (жеңілдіктер, жәрдемақы, түрлі төлемдер), 2) әкімшілік-заңгерлік шаралар (заңнама және оны орындаушылардың тікелей жүзеге асыруы), 3) моральдық-психологиялық шаралар (насихаттық, қоғамдық пікірдің қалыптасуы).
Біздің қоғамымыздың көпжылдық практикасында отбасына мемлекеттік көмектің негізгі түрі материалдық жәрдемақы мен жеңілдіктер беру деген пікір қалыптасты. Еліміздің қазіргі нақты экономикалық жағдайына баға бере келгенде, бұл салаға ірі материалдық салымдардың түсуін күту дұрыс еместігі айқын. Отбасы шын мәніндегі көмекке зәру, ең алдымен отбасы материалдық базасын (тұрғын үй жағдайын, табысын) нығайтуды қажет етеді, мұнда материалдық жайсыздық отбасының тұрақсыздығымен тығыз байланыстыру қажеттігі даусыз. Тұрғын үйі бар және тұрғын үйге зәру отбасылар арасында табыс деңгейі бойынша бөлгендегідей жайсыз некелер саны өзгермейтінін бақылау нәтижесі көрсетті. Отбасы тіршілігінің осы маңызды факторларын ерлі-зайыптылар ажырасудың басты себебі ретінде көрсетсе де, тұрақсыздық жағдайында олар қосымша роль атқаратын тәрізді. Мемлекет тарапынан жас отбасына тікелей ақшалай көмек беру отбасының материалдық мәселелерін шешуге көмектеспейтіні анық. Сонымен қатар қазіргі күні отбасының құқыұтық базасы біршама алға жылжыған, бұл ерлі зайыптыларға материалдық проблемаларды өз күштерімен шешуге мүмкіндік береді. Отбасының өндірістік функциясы ролінің артуы отбасы мүшелерінің жеке еңбек қызметінің түрлерімен айналысуына байланысты, сондай-ақ бұл отбасының материалдық тұрғыдан нығаюына мүмкіндік береді.
Қазіргі күні жүзеге асырылатын әкімшілік-заңгерлік шаралар жөніндегі мәселені қарастыра отырып, олардың негізгі мәні отбасын экономикалық қолдауда ғана емес, отбасының бастамаларын жүзеге асыру үшін оның алдынан жаңа құқықтық мүмкіндіктер ашуда болып отыр. Бұл мүмкіндіктердің біраз бөлігін қоғам әлі толық сезінген жоқ және дамуын таппай отыр, олар келешекте дамуы мүмкін. Олардың қатарына республика егемендігінің дамуына байланысты республикалық үкіметтік органдардың құқықтарын кеңейту жатады: өз бюджетінің негізінде отбасына көмек беру шараларына қосымша аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып отбасылық саясаттың өзіндік жүйесін жасау.
Біздің еліміздегі экономикалық, әлеуметтік тұрақсыздық осы уақытқа дейін беймәлім болып келген жаңа функцияны алдыңғы қатарға шығарды, ол-отбасының өмір сүру мақсатымен шоғырлануы. Әдетте отбасы мүшелері қатерлі жағдайлар туындағанда іштей бірігеді және ол бірігу белсенді сипатта болады. Бұл функция отбасы қауымының біртіндеп дамуының нәтижесі емес, оның мәні мен әлеуметтік аяның тәртіпке келуіне қарай төмендей береді. Алайда қазіргі күні жағдайда отбасының өміршеңдігі осы аталған функциясын табысты орындауына байланысты болады.
Неке-отбасы қарым-қатынастарының тұрақтылығын көтеру мақсатында моральдық-психологиялық әсер етудің мүмкіндіктері қазір мүлдем қолданбайды деуге болады. Біздің ойымызша, қазір бұл саланың қоғамдық практикада аз қолданылып жүрген үлкен күш-қуаты бар. Отбасының оннан бір бөлігі ажырасу туралы көп ойланғандықтан қауіпті топты құрайды. Өз некесін бағалауда тұрақсыздық байқататын отбасылардың бұл топтары әрине, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмек түрліше болмақ: ажырасудың аз-ақ алдында тұрған бірінші топ үшін мамандандырылған неке бұзу жөніндегі сот құрылып, бұл соттардың жұмысының тиімділігі ажырасқандар саны бойынша емес, татуласқан жұптар саны бойынша бағаланса.
Ажырасу санының осыншама биік деңгейін көрсетіп отырған біздің қоғамымыз осындай қызметті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер іздеп табуы қажет. Оларды қамтамасыз етуді жартылай қазіргі күні кең тараған қайырымдылық қорларынан түсетін қаражаттан жүргізуге болады. Жұбын дұрыс таңдағанына сенімсіздікпен қарайтын отбасы тобы үшін кең тараған және жоғары білікті отбасылық кеңес беру қызметін құру нақты шара болар еді, оның қывзметі отбасылық жайсыздықтың барлық мәселелерін қамтыса: сексологтың, урологтың, гинекологтың, психологтың, социологтың, экономисттің, әлеіметтік жұмыскердің, әлеуметтік педагогтың қызметімен қамтамасыз етілсе. Мұндай кеңес беру орындарын құрудағы негізгі проблема- мамандармен қамтамасыз ету және осындай күрделі жұмысты атқаратын мамандарды даярлау орталығының жоқтығы.

Нашақорлыққа салынғанОтбасымен әлеуметтік жұмыс.
Тәжірибелік алаңдарда (Ресейде, Қазақстанда) халыққа әлеуметтік көмек берудің түрлері мен нысандары байқалады. Отбасына социумда жан-жақты көмек беруге маманданған әлеуметтік қызметкер типі кең тараған болып шықты. Әлеуметтік қызметкердің осындай типі әр жастағы отрядтар мен тұратын мекендердегі бірлестіктердің көп жылдық және түрлі жоспарлық жұмыс тәжірибесі негізінде пайда болды.
Отбасы, үй, қауым, отбасылық-көршілік қауым саясат, әлеуметтік көмек жүзеге асырылатын сала ретінде қарастырылады. Түрлі ведомстволық мекемелер, қоғамдық ұйымдар отбасына, социумдға қарай бұрылып, ашық жүйе ретінде жұмыс істейді.
Жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның әрекетінің жүйесінде делдал бола отырып, әлеуметтік қызметкерлердің институты социумда, отбасы саласында, отбасылық-көршілік ортада, балалар мен ересектер арсында ізгіліктік, дұрыс қатынастардың қалыптасуына әсер етеді.
Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызметі тәрбие –сауықтыру міндеттерін басым қойып, халықтың барлық санатымен, отбасымен (проблемасы болу, болмауына байланысты емес) жұмыс жүргізуге бағытталған. Ол клиент қашан өзі келеді деп отырмайды. Әлеуметтік қызметкер этикалық тұрғыдан мүмкін болатын түрде отбасымен, жеке тұлғамен өзі «байланысқа» шығады. Ол «әлеуметтік диагноз» қоятын тәрізді, дене бітімі, жас ерекшеліктерін, қабілеттерін зерттейді, оларды микросоциумыны, қызығу әлеміне, қарым-қатынас жасайтын ортасына енеді, оң және теріс нәрселерді, кейін әлеуметтік қызметкер өзі шешуге тырысатын медициналық құқықтық, экологиялық проблемелерды анықтайды, клиенті тұратын мекендегі мамандықтар бойынша кәсіптенеді. Қарапайым қызметкерге қарағанда әлеуметтік қызметкердің ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік көмеуктің бағыты белсенді болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субъектілері ретінде клиенттерді тартуы қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен байланысы әрбір нақты отбасы (жалпы отбасы туралы емес) туралы мәлімет пен оның ерекшеліктері, адамдардың тіршілігінің осы саласында қарым-қатынас жасау процесінің заңдылықтарын ескеру негізінде жасалады.
Әлеуметтік қызметкерлер-балалармен, олардың ата-аналарымен, ересектермен, тұрғындармен отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер ортасында, жасөспірімдермен, жастардың отптарымен және бірлестіктерімен тәрбие жұмысын жүргізетін, мәдени-сауық, дене шынықтыру-сауықтыру, еңбек, ойын және балалар мен ересектердің социумда техникалық, көркем шығармашылық және шығармашылықтың басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар.
Әлеуметтік қызметкердің қызметі барлық жастағы балалар мен ересектермен жүргізіледі; Олардың өмірінің барлық саласында жүргізіледі және әлеуметтендірудің барлық институттарының өзара әрекетін, қоғамның, отбасының, жеке тұлғаның тәрбиелік функциясын белсендіруді көздейді.
Әлеуметтік қызметкер балаларды, жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру процесіне мүмкін болатын және мақсатты «араласуды»
Қамтамасыз етеді, отбасы мен басқа да тәрбиелеу институттарына көмек береді, балалар мен ересектер арасындағы байланыстырушы жік, делдал «үшінші тұлға» ролін атқарады, жеке тұлғамен және қоғаммен жұмыс жасайды. Ол жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде көмектеседі, балалардың қоғамдағы құқықтарын қорғайды.
Әлеуметтік қызметкер аниматор болып табылады. Ол үйретпейді, басқармайды, билік жүргізбейді, бұйырмайды және тыйым салмайды. Ол қызықты, тартымды, қызмет жасауға жағдай жасайды; шабыт береді, шығармашылыққа, білімге, мәдениетті меңгеруге тартады, топта жайдары, ізгі қарым-қатынастардың қалыптасуыфна көмектеседі. Ол үшін балалармен бірге болудың, оларды сезіну және білудің маңызы зор. Ол «әлеуметтік диагноз» қояды, жеке тұлғаның мүмкіндігін, микроортаның әсерінің бағытын, отбасыфның, көршілер ортасының, құрбыларының ерекшеліктерін, ересектердің қарым-қатынасын зерттейді және нақты бағалайды. Әлеуметтік қызметкер бірлескен қызмет қатысушысы, сонымен қатар басшы, балалармен, жасөспірімдермен және жастармен қарым-қатынасты өзара тең деңгейде, диалог негізінде құрады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі