» » » Реферат: География | Жапония

Реферат: География | Жапония

Реферат: География | Жапония казакша Реферат: География | Жапония на казахском языке
Жапония – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Жапонияны, әлбетте «Күншығыс елі» деп атайды. Елдің негізгі бөлігін Жапон топаралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю, Хокайда, Кюсю, Сикоку аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3000 шаршы шақырымнан астам доға түрінде созылып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29 751 шаршы шақырым.
Жапония конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлектті премьер-министр басқарады. Унитарлы мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.
Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін табиғаты күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны – 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық геосинкнальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5 мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе, ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар аймағына жатады. Жазықтар мен ойпаттар қолайлы қойнаулар мен шығанақтар ұласады. Жағалауларына жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі байқалатын суасты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толқындар – цунами пайда болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін цунами әрекетінен Хонсю және Хоккайдо аралдарының солтүстік-шығысы көп зардап шегеді.
Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас көмірдің, мыс пен қорғасын-мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алатын Жапония соңғы жылдары Дүние жүзілік мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Қазіргі кезде теңіз суы құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындысын өндіру жолға қойылған.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы. Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негізінде алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналарының іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстікке ығысуы, феодалдың қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игерілуіне ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікке шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
XIX ғасырдың соңына қарай Жапония жедел капиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнын толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіпті орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапония сыртқы саясатының өзі ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланыста болды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерге көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүние жүзіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.
Халқы мен мәдениеті. Жапония мемлекетінің халқының саны 128 млн адам. Халықтың табиғи өсімі жылына 0,16% ғана. Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде «ұлттың қартаюы» проблемасын тадыруда. Халықтың ұлтық құрамы біркелкі: ел халқының 99,3%-ын жапондар құрайды. Саны аз басқа ұлттар қатарында корейлер, қытайлар мен айндардың үлесі біршама. Жапон аралдарының байырғы тұрғындары деп есептелінетін айндардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады. Кең тараған діндер – буддизм мен синтоизм. Ұлттық дін болып саналынатын синтоизмнің жапон ұлтының өзіндік келбетінің қалыптасуына ықпалы зор болды. Экономикалық белсенді халықтың үлесі жоғары, ЭБХ Жапония халқының 54%-ын құрайды. Олардың 60%-дан астамы қызмет көрсету саласында, 22%-ы өңдеуші өнекәсіпте жұмыс істейді. Жапония аралдары – дүние жүзіндегі халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі; ел аумағында орташа тығыздық 1 шаршы шақырымға 341 адамнан келеді. Әсіресе Тынық мұхит жағалауындағы жазықтарда халық тығыз қоныстанған, мұнда ел халқының 2/3 бөлігі шоғырланған. Қазіргі кезде Жапония халқының 79%-ы қалада тұрады, елде халқының саны миллионнан асатын 11 ірі қала бар. Елдегі аса ірі агломерациялардың тұтасуынан дүние жүзіндегі ең алып мегалополис – Токайдо қалыптасқан. Оның аумағында 60 миллионнан астам адам тұрады, бұл ел халқының – 48 пайызы. Токайдо мегалополисінде Токио, Иокогамо, Осака, Нагоя тәрізді қалалар енеді. Соңғы жылдары халықтың ірі қалаларда шоғырлану қарқыны бәсеңдеді, Бұл субурбандалумен тығыз байланысты.
Шаруашылығы. Жапон экономикасының қозғаушы күші болған өнеркәсіп постиндустриялдық кезеңде де өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бері дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Қазіргі кезде Жапонияда өнеркәсіпке қатысты ғылыми жобаларға көп қаржы бөледі. Ел өнеркәсібінің құрылымында дәстүрлі автомобиль жасау тәрізді байырғы салалармен қатар ең жаңа, ғылымға негізделген салалар дамуда. Қара металлургия саласы шеттен әкелінетін шикізатқа негізделген.Сондықтан, металлургия зауыттары Тынық мұхит жағалауындағы мұхит өнеркәсіпті белдеуде орналасқан. Дүние жүзілік нарықтағы қара металлургия өнімдерінің 23%-ы Жапонияның үлесіне тиеді. Жылына 103 млн тонна болат балқытады. Электр энергиясын өндіру жөнінен дүние жүзінде АҚШ, Қытайдан кейінгі үшінші орында. Электр энергиясының 60%-ы жылу электр станцияларында, 30%-ы атом электр станцияларында, 10%-ға жуығы су электр станцияларында өндіріледі. Сонымен қатар елде 16 геотермалды станция жұмыс істейді.
Машина жасау кешені жалпы өнеркәсіп өнімінің 44%-ын береді, оның 20%-ы радиоэлектроника мен электр техникасын жасау өнеркәсібіне тиесілі. Жапония аса ірі танкерлер мен алып жүк кемелерін жасауға маманданған, кеме жасаудың ірі орталықтары Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалаларында орналасқан. Жүк сыйымдылығының жалпы көлемі жөнінен Жапонияда дүние жүзінде жасалынатын кемелердің 42%-ы шығарылады. Срңғы жылдары өндіріс қарқыны баяулағанымен, Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады, әлемдік автомобиль экспортының 14%-ы тиесілі. Автомобиль зауыттарында жылына 10 млн шамасында автомобил жасалынады, оның 8 млн-нан астамы жеңіл автомобильдер. Өндірісте ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары пайдалынады, сондықтан әлемдік нарықта «Тойота», «Ниссан», «Хонда» концерндерінің автомобильдері америкалық және еуропалық үлгілермен бәсекелесе алады. Тұрмыстық радиотехника бұйымдарын шығарудан да дүние жүзінде жетекші орын алады. Мысалы, ел өнеркәсібі дүние жүзінде жасалатын бейнемагнитафондардың 3/4-ін шығарады, ал түрлі-түсті теледидар мен радиотехникасын жасаудан Жапонияға ешбір ел теңесе алмайды. ....



Полную версию материала можете скачать через 50 !!!!

Автор: araylym94 | 98 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Жапония туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы география жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жапония, реферат Жапония туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы география жоспарымен казакша реферат жоспар Жапония, Реферат: География | Жапония реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы