Психология | Бала есінің дамуы

Психология | Бала есінің дамуы

Бала есінің дамуы

Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін, еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты қызыметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан – жақтын келеді: көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм, сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, талшықтанып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланады.
Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасуымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезді ғалымдар консомедация (лат. Консомедация - бітелу, бекіту, нығайту, нақтау) кезеңі деп айтады. Онысыз апарат тұрақты ес іздеріне айнымайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлды құрлым мен мидың жүйесі қатысатындығы белгілі болды. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуының нерв клеткаларындағы био-химиялық және биоэлектрлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны – синапстар. Бұған дәлел баланың өсіп дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбейі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген күрделеніп, көбейіп, дами береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқлы нейрон аралық байланыс пен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып оты. Бұған қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК-ның нөмірі көбейетіндегі табылады.
Соңғы кезде мәліметтерді сақтауға мидың глиялық клеткаларының қатынасына бар екені ашылды. Америклық ғылымы Р. Галамбостық зерттеуі үшін глия клеткалары көбейіп және белоктың синтезделуін артырып тұрды. Бұл жаңалық мидың глия клеткаларының қызметі жайындағы түсінікті мүлде өзгертті.
Жалпы алғанда. Сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып пайдаланудың физиологиялық негізгі толық зерттелмеген. Дені сау адамның миының дамуын зерттеуде пайдалынатын әдістер әзірше қарапайым ауруға шалдыққан адамның іс-әрекетін тек қана шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты немесе сау адамдармен салыстыру арқылы ғана анықталады. Сондықтан алынған мәліметтерге көптеген себептер ықпал етіп, нақтылы зерттеу мүмкіндігі болмайды. Бірақ, ол мәліметті сақтау нәтижесіне байланысты болар деген болжамдар бар.
Есте сақтау қабілетінің физиологиялық негізі туралы академик М.Н.Ливанов пен оның шәкірттері зерттеулерін қорыта келе, естің дамуы баланың оқыту, үйрету барысында пайда болатын нейрондардың қозуды өткізуі мен қыртысындағы жағдайларды өзгертуіне байланысты, деген шешімге келді. Былайша айтқанда, ес ункциялық жүйелердің дәрежесінде қалыптасып, ал мәліметтерді таңбалау, сақтау синапстық құрлымдар дәрежесіне өтеді. Әр дәрежеде жасалған биохимиялық зерттеулердің негізінде естің қалыптасуына, оның таңбалауына РНК, немесе белок, немесе белокты углеводты қиыстырулар қатысады деп тұжырымдалып отыр. Әсіресе, мәліметті сақтауда олардың маңызы зор.
Еске сақтау әдістеріне қарай, ес: механикалық және саналық, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметтің жиналуына байланысты, ес – жеке бастың, тұқым қуалаған қасиеттердің нәтижесі деп те айтуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?