Психология | Естің жалпы сипаты
1.2.Ес жайындағы теориялар.
Адам өзінің өмірінде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Сонымен адамның бұрын қабылдағын нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылдағандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселерді есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілінгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жормалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт – биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде да едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізгі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерін гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде обьектіні («материалдық») немесе «таза» сананың белсенділігін (субьектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
Психологиялық тұрғыдан көзқарастар тобы – ассоциациялық (байланысты) бағыт делінме де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы – ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын а) әсерлер мынадай үш типке бөлінеді: ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк) – сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама – қарсылық ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.) Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б.з. д. 384-322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықталады. Бұл ілім естің физикалық теориясы да жатады. Аталмыш теорияға естің фихикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайында терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде біріңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам – жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштерге тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімде есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатыман сабауқұйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген – білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселерді ізі-электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл малекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНҚ) делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Келген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70-75 км – ге дейінгі көргендері мен кездестіргендері айта береді. Бірақ 75 км ден 95 км ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі – мағлұматтардың консолидаципя күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұгндай байланыстар психология ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақытпен кеңестіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екінші-олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшінші – қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртінші – себеп – салдары қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциациялық. Бұл бағыттағы теорияны иұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм,Д. Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделші ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қаблетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстыра отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электірлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық құрылымдық белсенділік қандайда бір жолмен ағзадағы электр қуаттын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синанс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синансдың саны мыңдаған. Синанс негізіне екі түрде қызмет етеді, бірі -қоздырушы , екіншісі –тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуіде бірдей қозушы немесе тежелуші жүке элементердің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен боладыда ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымдардан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізгі жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды.Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНҚ (дизоксирибонуклейн қышқылы) малекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНҚ) нуклейн қышқылының малекуласымен орындалады. ДНҚ ағзаға тән әр немесе РНҚ игерілген тәжрибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалады. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын малекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНҚ малекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНҚ малекласы бөліп алынады, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНҚ малекуласын қабалдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бір бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак – Коннел).
1.3.Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырды.
Тану – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетен қайта жаңғыртудығы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылдаған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қортындылары арқылы да тудыруға болады.
Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады. Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуан қасиет – белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет –ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Ұмыту. Бұрын қабылданған матералдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз – есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылсуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: (Шіркін – ай, мен осындай шығарманың авторы болсам», - деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В.Скотт өз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңғылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмтылған байланыстар бұл кезде жаңғырып еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік сғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.
Осы орайда, уақытша ұмытудың сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – жүйке клеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проктивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді.Мұдай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу – тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн.
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысады тану сол обьекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни обьектің қабылдануы адамда бұрынан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.
Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дәл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субьекті қабылданып жатқан нәрсені қалтықсыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитын жөнінде қосымша айғақтар келтіріледі.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танысусыз ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екі үшті болса, баланың матералды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру – бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыьайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама борлып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуды аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда «ес деңгейлері» деп аталған кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтумен шәкірт жаттағанда түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғанын еске салумен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?