Адам. Адамның ішкі мүшелері. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Тірі табиғат. Адам. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Адам. Адамның ішкі мүшелері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1 Адамның ішкі мүшелерінің орналасуын анықтау. | |||||
Сабақ мақсаттары | Ішкі мүшелердің орналасуын білу. | |||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы: Ішкі мүшелерді атайды; Ішкі мүшелерді дұрыс орналастырады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Ішкі мүшелерді үш тілде атау арқылы сөздік қорларын молайту. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулықты сақтау керектігі, дұрыс тамақтану туралы әңгімелейді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика пәндерімен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Ішкі мүшелер туралы суреттер, бейне көріністер көрсетіледі. Ойын «Дұрыс орналастыр» | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жануарлар әлемі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Сұрақты талқылау: Денеміздің ішінде не бар? Тақтаға немесе плакатқа тізімін жазу. Ми Жүрек Өкпе Бүйрек Бауыр Асқазан | Суреттер | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Әрбір мүшені кезекпен қарастыру. Олардың ұсыныстарын талқылап, аталған ішкі мүшелердің суретін көрсету. Әр мүшенің атқаратын қызметін анықтау. Ойын «Дұрыс орналастыр» Ми-жүйке жүйесін басқару орталығы Жүрек-қан айналым мүшесі Өкпе-тыныс алу мүшесі Бүйрек-зәр шығару мүшесі Бауыр-ас қорыту безі Асқазан-ас қорыту мүшесі (Ұ) Ми, жүрек және өкпе олардың қарапайым құрылысын көрсететін суреттер немесе бейне клип қарау. Олардың әрқайсысының түрін талқылау. Әр мүшені сипаттайтын сөздердің тізімін жазу. (Қ) Адамның ішкі мүшелерін атаңыз және жазыңыз (Ж,Қ) Макетпен жұмыс. Әр мүшені адам қаңқасына дұрыс жапсырмалау. Оқушылар суреттерді жапсырмалайды. (Ұ) Сыныпта ота бөлмесін жасау. Оқушылардың біріне матадан жасалған ми, жүрек және өкпенің үлгілері көрсетілген арнайы костюм (комбинезон) кигізу. Оқушылар өзі тілегендер оқушыларға «ота» жасау арқылы атаған мүшелерді алуды көрсету. | Суреттер және үш тілде жазылған сөздер Негізгі дене мүшелерінің суреттері (ғаламтор немесе анықтамалықтан) немесе үлгілері, мысалы, мидың, жүректің, өкпенің суреттері, дәріс плакаттары және маркерлер немесе ақ тақта http://www.sciencekids.co.nz/videos/humanbody.html жұмыс парағы – негізгі дене мүшелерінің атауы және құрылысы | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. (Ұ) Дененің негізгі мүшелерін анықтап және олардың түрі мен қарапайым қасиеттерін сипаттап жұмыс парағын толтырыңыз. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.
| Оқушылардың макеттерді адам қаңқасына дұрыс орналасыруы бағаланады. | Ота жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?