Адамның жүйке жүйесі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Тірі табиғат. Адам

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамның жүйке жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

.2.3.2 - жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

4.1.2.2 - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.

 Бағалау критерийлері

Жүйке жүйесінің мүшелерін анықтайды.

Жүйкес жүйесі мүшелерінің рөлін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік және терминология:

  • Рефлекторлық доға, рецептор, ОЖЖ, Жүйке, ми, жүйке тамырлары, жұлын, жүйке талшықтары

Оқушылар жүйке жүйесінің ағзаларын атайды.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныпта адамның дене мүшелері туралы алған білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

6-9 мин

  • Ұйымдастыру бөлімі 
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Өткен сабақты қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тест жұмысы1. Зәр шығару жүйесіне не жатады?а)несепағар ә) зәр түзуші өзек б) бауыр2. Зәр шығарушы мүшелерді көрсет.а)бүйрек ә)зәр шығару өзегі б) артерия3. Зәр түзуші мүшеге не жатады?а)қуық ә) несепағар б)бүйрек4. Бүйректің салмағы қанша?а)120г ә)150г б)50г5. Бүйрек қандай қызмет атқарады?а) қорғанышты ә) сақтандырғыш б) қан айналым

Өзара тексеру. Оқушылардың кері байланысын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Бағалау критерийлерін құрастыру.

Презентация

Презентация

суреттер

Сабақ ортасы

10-13 мин

14-18мин

19-22 мин

23-28 мин

29-32 мин

33-37 мин

Қызығушылықты ояту.

-Денеңнің жұмысын не реттеп отырады?

Бірақ барлық денеңдегі жұмыстарды өзің басқара алмайсың. Жүрекке «жай соқ» деп бұйрық бере алмайсың, асқазанға «тамақты қорытпа» деп айта алмайсың, кейде қалай көзіңді жыпылықтатып, тыныс алатыныңды байқамайсың,

Жұмбақ жасырылады.Дүниені танитын,Бізге ақыл беретін.Естігенді көргендіЖүйелеп нақты жинайтын.Қандай мүше болатын.   (Ми)

Сұрақ:

-Ми адамға не үшін қажет?

(Т) Оқушыларға қосымша мәлімет беріледі. Оқушылар топта оқып, оны талқылайды.

Дененің жұмыстарының барлығын ми басқарады. Яғни екі ми десе де болады: олар бас миы мен жұлын. Бас миы бассүйектің ішінде болса, жұлын омыртқа жотасының ішінде орналасқан. Бассүйектің артқы жағындағы саңылау арқылы бас миы мен жұлын бір-бірімен байланысып жатады.

Олар бірігіп орталық жүйке жүйесін құрады. Оқушыларға сурет таратылады. Олар суретке әр мүшенің атауларын жазады.

Мүшелер: ми, жұлын, жүйкелер.

Оқушыларға жүйке жүйесі туралы бейнетаспа көрсетіледі.

Оқушыларға мәтін беріледі. Оқушылар жүйке жүйесінің қызметтерін білдіретін етістіктерді дәптерлеріне көшіріп алады.

Мәтін:

Адамда жүйке жүйесі оның психикалық іс-әрекетінің материалдық негізін:ойлау және сөйлеу, әлеуметтік мінез-құлқының күрделі формаларын құрайды. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары- нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады. Нейрондар:сезімтал,қозғалтқыш және аралық болып бөлінеді.

Сурақ: бұл мәтінде қандай жаңа сөзді кездестірдіңдер?

-Сондықтан нейрон дегеніміз не?

-Олар қандай болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Слайд бойынша жүйке жүйесінің қызметі туралы жұпта талқылайды.

Сурет

Бейнетаспа

Сабақтың соңы

38-40 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

«Телеграмма»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу