Адамның жүйке жүйесі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Жанды табиғат. Адам | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Адамның жүйке жүйесі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.2.3.2 - жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау 4.1.2.2 - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||
Сабақ мақсаттары | Жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін анықтап сипаттау. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Адамның зәр шығару жүйесі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | I.Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу. ІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру.Сәйкестендіру1.бүйрек. зәр өткізуші. 2. қуық. зәр түзуші. 3. зәрағар. зәр жинаушы Сөйлемді толықтыр: Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға ................ реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. | Презентация Презентация
| ||||
Сабақ ортасы | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу. Топтық жұмыс1-топАдамның жүйке жүйесінің бөлімдері Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары – НЕЙРОНДАР түзеді Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын,ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері және жүйке талшықтарының ұштары жатады. 2-топМи құрылысы мен қызметі Ми — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі. 3-топЖұлынның құрылысы мен қызметі Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. 4-топЖүйке жүйесінің маңызы Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды. Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты). Әр топ берілген ақпаратпен таныстырадыәр топ тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, бағалайды. Дескриптор* Тақырыптың маңызды жерлерін көрсете алды.* Тақырыпты қарапайым тілде түсіндіре алды.* Топ бірігіп жұмыс істеді. |
Кластер жасауға арналған А1 форматы АқпараттарСуреттерқайшы Фломастер,
| ||||
Сабақтың соңы |
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар. «Телеграмма» Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек. -Өздерін бағалау Тақтадағы пайыздық көрсеткіш бойынша өздерін бағалайды. 50% 70% 100% | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?