Ағза аурудан қалай қорғанады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып Күні: Тақырыбы: Ағза аурудан қалай қорғанады? | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіреді. | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дұрыс тамақтану | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 минут 3 минут | Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту. «Қорғаныс» кіріспе тапсырмасы. Оқушылар адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін деген сұраққа кластер құру барысында жауап алады.
Талқыланатын сұрақтар:
| Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1,2 Слайд №3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 4 минут 5 минут 1 минут 8 минут 2 минут 3 минут 3 минут 1 минут 5 минут | Тері. Оқушылар жұптасып, саусақтың дөңес тұсымен айнаны ұстап көреді де, неліктен із қалғанын талқылайды. «Мен журналистпін» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қою арқылы тері туралы ақпарат алмасады. Талқыланатын сұрақтар:
Тапсырманың соңында оқушылар тері зақымдалмаған күйінде микробтар үшін жақсы тосқауыл бола алатынын түсінеді. Мұрын. «Менің сөзім» ойыны арқылы оқушылар жұптасып оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме құрастырады. Мұрынның ағза үшін қызметін айтып, ойларымен бөліседі. Талқыланатын сұрақтар:
Ағзаның белсенді қорғанысы. Оқушылар берілген сурет бойынша өз ойларымен бөліседі, әңгіме құрастырады. Белсенді қорғаныс үдерісінің үйлесімді реттілігін талдау ұсынылады. Төмендегі сұрақтарды талқылай келе, иммундық жүйенің маңызын түсінеді. Сұрақтар:
Оқушыларды топтастыру. Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Зертте. Оқушылар адамдар тығыз орналасқан жерде вирустық жұқпалы аурулардың таралуын зерттейді. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық. • Оқушылар вирустық жұқпалы аурулардың адамнан адамға таралу жолын бақылайды. • Вирустық жұқпалы аурулардың тіршілік ортасы (су, азық-түлік, тұрмыстық заттар) арқылы таралуын түсіндіріп береді. • Жұқпалы аурулардың таралу жолын білгеннен кейін олардың алдын алу шараларын анықтайды. Зерттеу барысында оқушылар дереккөздердің артықшылығы мен кемшілігін анықтап үйренеді. Олар жұқпалы аурулардың таралу жолдарын меңгерген соң, ағзаны қорғауға қатысты ережелерді ойлап таба алады. Оқушылар жұқпалы аурудың таралуының екі жолы бар екенін анықтайды: бірі жөтел мен түшкіру – тура жол, екіншісі – су, азық-түлік, сүлгі арқылы (жеке гигиеналық заттар) – сыртқы орта жағдайлары (жанама). Оқушылар өз ойларын қорытындылап, гигиеналық шараларды сақтау арқылы ағзаны бактерия мен вирустардан қорғауға болатынын түсінеді. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Асүйде. Оқушылар топтасып, «»Модельдеу» стратегиясы арқылы асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтау керектігін анықтайды. Талқыланатын сұрақтар:
Мұғалімнің түсіндіруі. Бізді қоршаған ортада көптеген микроағзалар (микробтар) – вирустар мен бактериялар бар. Олар адам ағзасына түсіп, түрлі ауру тудырады. Олардан қорғану үшін адам ағзасында арнайы үдерістер жүреді. Адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру қасиеті иммунитет деп аталады. Оны иммундық жүйе басқарады. Инфекциямен қанның құрамындағы арнайы элементтер күреседі. Иммунитеті жақсы адам сирек ауырады. Ауруды оңай жеңеді. Есте сақта. Сабақ оқу мен демалуды араластырып отыру, қатты шаршауға жол бермеу, таза ауада көбірек болу, толыққанды ұйықтау, уақытылы тамақтанып, таңғы гимнастика жасау, салқын сумен жуынып, денені шынықтыру өте маңызды шаралар екенін ескерту ұсынылады. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 43-жұмыс парағы. «Адам ағзасы аурудан қалай қорғанады?», 45-б. Иммунитеттің міндеті. Оқушылар иммунитет элементтері мен олардың атқаратын қызметтерін бағыттама арқылы сәйкестендіреді. Жауаптары 1 – б, 2 – а, 3 – г, 4 – ә, 5 – в. 44-жұмыс парағы. «Иммунитетке қалай көмектесуге болады?», 46-б. Аурудың алдын алу. Берілген суреттердің арасынан тыныс алу жолдары ауруларының алдын алу шаралары бейнеленген суретті табу қажет. Алдын алу шараларының жоспарын құрады. Жауаптары 2. Дәке таңғышты тағу. 1, 5, 7 Гигиена сақтау. 4. Көгөніс, жеміс жеу, лимон қосылған шай ішу. 6. Таза ауада серуендеу. 8. Тазалық сақтау.
Бағалау.
| Суреттер Слайд №4
Оқулықпен жұмыс Микрофон Слайд №5
Оқулықпен жұмыс Сюжетті суреттердің мозайкасы Айна, парақтар, фломастерлер https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw слайд №6 Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.
| Бағалау парағы Слайд №7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру