Ағза аурудан қалай қорғанады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау
3-тарау 9-сабақ
Сабақ тақырыбы: Ағза аурудан қалай қорғанады?
Ұйымдастыру. Шатасқан әріптер ойыны. Орны ауысып кеткен әріптерден инфекция сөзін құрастырады.
ББҮ кестесімен жұмыс жасау. 1,2- Білемін, Білгім келеді бағандарын толтыру. 3-ші баған сабақ соңында толтырылады.
Сұрақ-жауап.
- Адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін?
- Неліктен адамдар ауырады?
- Адам ағзасы қалай қорғанады?
- Қандай инфекциялық ауруларды білесіңдер?
Инфекция және инфекциялық аурулар туралы қысқаша мәлімет беру.
Тері. Біздің денемізді қауіптен ең бірінші не қорғайтын тері екені айтылып, тері жайлы оқушылар жұпта ой бөліседі.
Иммунитет туралы мәліметтермен жұмыс жасау.
Мұрын. «Бұл қандай ауру?» өлеңі оқылып, оқушылар ауырған адамды сипаттайды.
Зертте. а) Оқушыларға ауру белгілері жазылған кесте беріледі. Сол кестені белгілеу арқылы өз денсаулығына баға береді, қорытындысын шығарады.
ә) Алдын-ала дайындалған ақпарат көздерінен (энциклопедия, кітап, журнал, газеттерден) мәліметтер іздеу. Постер жасау.
Топтық тапсырма. Кубизм әдісі бойынша. Тақырыпты әр қырынан ашып, мәселені жан-жақты қарастыру үшін кубтың 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Топта сол сұрақтар төңірегінде оқушылар ақпараттар іздестіреді, постер құрастырып қорғайды.
1.Суретте. Вирустық аурулардың қандай түрлері болады?
2. Салыстыр. Ауру адам мен сау адамның арасындағы айырмашылықты салыстыру.
3. Зертте. Олардың пайда болу себептерін анықтау.
4. Қолдан. Вирустық аурулармен ауырмау жолдары
5. Дәлелде. Вирустық ауруларға көбінесе кімдер шалдығады?
6. Талда. Вирустық инфекция науқастанған адамнан онымен бір бөлмеде отырған адамдарға қалай тарайды?
Асүйде. Асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде сақталатын гигиеналық талаптар туралы айтылады.
Сен білесің бе? Аурудың алдын-алу шараларымен таныстыру.
Сабақ соңында ББҮ кестесінің соңғы бағанын толтыру.
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісін пайдаланып, сабақ туралы ойларын білдіреді.
1. Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды. 2. Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3. Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым? 4. Шылдыр шүмек - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? 5. Кішкентай бөбек - көңіл -күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?