Ағза аурудан қалай қорғанады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Ағза аурудан қалай қорғанады? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: иммундық жүйе, вирустық инфекция туралы түсінік алады; адам ағзасын инфекциялардан қорғау жолдарымен танысады; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жұқпалы аурулар, олардан қорғану жолдарын біледі; Өз беттерімен зерттеу-ізденушілік жұмыспен айналысып, ақпараттармен бөліседі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | тазалықты сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қанайналым жүйесінің жұмысын біледі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру Шатасқан әріптер ойыны. Орны ауысып кеткен әріптерден сөз құрастыру. цияфекин (инфекция) ББҮ кестесінің 1, 2-бағанын толтыру. Инфекция туралы не білетіндерін және не білгісі келетіндерін жазу. 3-ші бағанды сабақ соңында толтыру.
Сабақ тақырыбымен таныстыру. - Адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін? - Неліктен адамдар ауырады? - Адам ағзасы қалай қорғанады? - Қандай инфекциялық ауруларды білесіңдер? | Әріптер кесте | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Мұғалімнің түсіндіруі. Біз қауіпті аурулар туралы жиі айтамыз. Медицинада мұндай аурулар жұқпалы деп аталады. Латын тілінде «инфекция» деген сөз жұқтыру, бүлдіру дегенді білдіреді. Ауру адамнан немесе жануардан (иттерден, мысықтан) жұғуы мүмкін. Бірқатар жұқпалы аурулардың таралуына қан соратын жәндіктер де қатысады. Инфекция ауа, су, тамақ арқылы таралады. Науқастың қаны инфекция көзі болуы мүмкін. Бұл қан құю немесе медициналық құралдарды бірнеше рет қолдану арқылы туындауы мүмкін.
Тері. Жұптық жұмыс. Тері жайлы ой бөлісу.
Сау тері мен зақымданған теріні сипаттау
Егер адам ағзасына микроб енген болса, оған ағзаның қорғаныс күші иммунитет қарсы тұрады. Иммунитет дегеніміз адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру қасиеті. Оны иммундық жүйе басқарады. Инфекциямен қанның құрамындағы арнайы элементтер күреседі. Иммунитеті жақсы адам аз ауырады. Мұрын «Бұл қандай ауру?» Айым бүгін мектептен келді, Кітаппен бірге ауру әкелді. Жөтелді, түшкірді, пысқырды, Көзінен жас тоқтамай, Қайта-қайта сүртінді. Басы ауырып, мұрны ісіп, Қызуы жоғары көтерілді. Жұтыну қиынға түсті. Оған дәрі керегі сезілді. Өзін бақытсыз сезінді. - Мұрын – тыныс алу мүшесі. Ол тағы қандай қызмет атқарады? - Өзің ауырып қалған кезің болды ма? - Суық тигенде неліктен мұрнымыздан су ағады деп ойлайсың? Зертте 1. Өз денсаулығына тест тапсырмалары арқылы зерттеу жасау. а) Тест «Менің денсаулығым» ( «+» немесе «-» қою)
Өз денсаулығы жайлы қорытынды шығару. ә) Ақпарат көздерінен мәліметтер іздеу. Постер жасау. Топтық тапсырма Кубизм әдісі бойынша. 1.Суретте. Вирустық аурулардың қандай түрлері болады? 2. Салыстыр. Ауру адам мен сау адамның арасындағы айырмашылықты салыстыру. 3. Зертте. Олардың пайда болу себептерін анықтау. 4. Қолдан. Вирустық аурулармен ауырмау жолдары. 5. Дәлелде. Вирустық ауруларға көбінесе кімдер шалдығады? 6. Талда. Вирустық инфекция науқастанған адамнан онымен бір бөлмеде отырған адамдарға қалай тарайды? Әр топ постер жасап қорғайды. Асүйде. - Асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет? - Ішек ауруларының алдын алу неліктен осы асханадан басталады деп ойлайсыңдар? - Неліктен тамақты тоңазытқышта сақтау қажет? Оқушылардың ойын тыңдау. Сен білесің бе? Сабақ оқу мен демалуды араластырып отыру, қатты шаршауға жол бермеу, таза ауада көбірек болу, толыққанды ұйықтау, уақытылы тамақтанып, таңғы гимнастика жасау, салқын сумен жуынып, денені шынықтыру өте маңызды шаралар екенін ескерту. Досыма хат. Жазылым тапсырмасы. Әр оқушы досына ауырмаудың жолдары туралы ақыл-кеңес беретін хат түрінде жазылым тапсырмасын орындайды. Жазылым критерийлері: 1. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады 2. Өз ойын нақты жеткізеді 3. Дәлелдемелер келтіреді 4. Тақырыпқа сай сөз және сөз тіркестері пайдаланылады 5. Қорытынды жасалады Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 43, 44- жұмыс парағы (45, 46 б.) Сабақ басындағы «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесінің 3-бағанын толтыру. | сурет Кесте Өлең жолдары Кесте кубик маркет ватман Жазылым критерийлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі 1. Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды. 2. Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3. Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым? 4. Шылдыр шүмек - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? 5. Кішкентай бөбек - көңіл -күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аурудың алдын алайық! жарнама ойластыру. | Топтық жұмысты бағалау | Қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?