М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 9 сабақ.


«Бұл қандай шығарма?» ойыны

Ақорда. Астана. Көк байрақ. Әнұран.

Елтаңба. Тұлға. Рух. Көшбасшы

Осы сөздердің байланысы туралы ойланып көріңіздер.

Осы сөздермен қандай тақырыптағы шығарма құрай алар едіңіздер? Осы заттармен байланысты өлеңдегі оқиғаны елестете отырып, бірнеше минут ойланыңыздар.

Өз оқиғасымен кім бөліседі?

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

1-тапсырма. ТЖ

«Мағынаны тану» кестесі арқылы оқушылар топтарға бөлініп, поэманың «Рух», «Тұлға», «Ақорда», «Астана», «Көк байрақ» бөлімдерін талдайды.

Жұмыс қадамдары:

Өз тобыңа берілген поэма бөлімін оқып шық,

Берілген кесте бойынша өлеңді талда,

Өз тобыңа бөлінген поэма бөлігінің шығарма композициясындағы орны

қандай екенін талқылау арқылы анықта.

Дескрипторлар:

Сызба үлгісінде өлеңді талдайды;

Шығарма композициясындағы бөлімдердің орнын, маңызын талдайды.

Өзара бағалау Блоб ағашы әдіс арқылы жүзеге асады.

Зерттеу сұрақтары С

«Көшбасшы» поэмасы қай уақыт аралығындағы оқиғаны қамтиды?

Поэманың композициялық ерекшелігі неде?

Автордың бүгінгі Қазақстан бейнесін жасаудағы мақсаты поэмадан қалай көрініс тапқан?

2-тапсырма. Ж

«Көшбасшы» поэмасы – Тәуелсіз Қазақстанның көркем шежіресі» тақырыбында 180-200 сөзден тұратын әдеби эссе жаз.

Дескрипторлар:

Поэманың жанрлық, композициялық ерекшелігін талдап жазады;

Поэманың тіл көркемдігіне баға береді;

Поэмадағы елбасы бейнесінің танылу ерекшелігін талдайды

Сауаттылығы жоғары деңгейде.

Автор орындығында оқушылар жазғандарын оқиды, бір-біріне баға береді.

Кері байланыс «Зерде»

БІЛІМ – тақырып бойынша алған ақпаратым;

ЭМОЦИЯ – сабақтағы көңіл-күйім;

БАҒА – жетістігіме беретін бағам;

СЫН – өз бойымда нені дамытуым керек?

ИДЕЯ – маған келген жаңа ой.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу