М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 6 сабақ.


Адасқан сөздерді тап

Рухтврбауырмалдықтсмлачолнамысаопрлмақтанышчтсиоаиелжандылықтсичорвқайырымдылықьаторбатырлықтиапоарерлік

Теориялық түсініктеме

Жазушының творчествосы оның өмір тарихымен тығыз байланысты. Жазушы творчествосы онын, адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен, өзгеден ерек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүние танымымен ұласып, керек десеңіз, бірігіп, біте қайнасып жатады.

Өз көзімен кәрмеген немесе өзі сезіп-білмеген шындықты жазушы жаза алмайды. Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың творчестволық ерекшелігін танытады. Оны тілден де, тақырып пен идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады. Әр шығармадан көрінетін осындай суреткерлік ерекшелік оның бар шығармасындағы белгілі бір бірлікке әкеледі. Әр жазушының қаламынан туған бар шығармада, алдымен, идеялық бірлік болатынын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында әртүрлі өмірлік проблема қояды да, бір ғана тұрғыдан — өзінің тұрақты дү-ние танымы тұрғысынан шешеді. Сонымен, біз әрбір жазушының күллі творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея - тақырып – мінез - тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге болады. Міне, стиль - әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік.

1-тапсырма. С

Мәселеге бағытталған сұрақтарға жауап жаз

Автор поэмасы арқылы оқырманға нені айтқысы келді деп ойлайсыңдар

Тәуелсіздік кезеңінде жазылған шығарма қандай мәселелерді көтеруі керек?

Автордың идеяны беру тәсіліне қандай баға бересің? (идеялық ерекшелігі мен тілдік ерекшелігін талдап негізде)

Поэма сен үшін несімен құнды

Дескрипторлар:

Сұрақтарға өз көзқарасы тұрғысынан жауап береді,

Автордың шығармашылық тәсілдемесіне баға береді.

 

Өзін-өзі бағалау Жетістік сатысы әдісі арқылы дескрипторларға сай жүзеге асады.

2-тапсырма. Ұсыныстар себеті ТЖ

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Өздеріне берілген қима қағаздағы Құндылық түріне орай авторға хат жолдайды.

 

Тапсырма орындау үшін нұсқаулық:

Топтың аты белгіленген құндылықтардың поэманың қай бөліктерінде берілгенін анықтаңдар.

Құндылық түріне байланысты ұсыныстарыңды айтып, авторға сұрақ қойыңдар

Поэмадан тағы қандай адами құндылықтар көрінуі тиіс екені туралы ұсыныстарыңызды білдіріңіздер.

Көркемдік тіл құралдарын орынды қолданыңыз, көркем әдебиет стилін ұстаныңыз.

1-топ. Намыс/Ерлік, батырлық

2-топ. Бауырмалдық/Қайырымдылық

3-топ. Мақтаныш/Елжандылық

4-топ. Елбасы. Тұлға

Дескрипторлар:

Поэмадағы құндылықтарды анықтайды;

Авторға жолданатын ұсыныстың стильдік ерекшелігін, мағыналық тереңдігін сақтайды.

3-тапсырма.

«Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбындағы өлеңді жалғастыр.

 

... ... ұлымын

... ... сүйемін

Ата-бабам қалдырған

... ... ...

Асқақтаған ...

... ... ...

Әлемнің ... ...

Менің елім Қазақстан!

Бірлігіміз ...

... ... ...

Елбасым бар ардақты

... ... ... .

Кері байланыс

«3Ұ»

Сабақтың ұнаған тұсы

Сабақтың ұтымдылығы

Сенің беретін ұсынысың (сабақты жақсартуға)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу