«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

«Аяз би»

ертегісі

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңбер бойымен тұрғызып, Аяз бидің бойындағы өздеріне ұнаған қасиеттерді айтып шығады.

Ой шақыру

Осы шығарма сендерге ұнады ма? Неліктен?

Ұнамаған тұстары болды ма? Қай тұсы?

Жаман өзін «адамның жаманы» дегеніне көзқарастарың қандай?

Сендердің ойларыңша, «адамның жаманы» қандай болады?

Топтық жұмыс

1-қадам: Ертегідегі көтерілген мәселе қаншалықты өзекті?

2-қадам: Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды.

1-топ: Хан тапсырмасы

2-топ: Хан сынағы. Жаманның үйленуі

3-топ: Қырық уәзірдің іштарлығы

4-топ: Жаманның даналығы

3-қадам: Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, ертегінің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады.

4-қадам: Осы топта өздері оқып, талдап келген үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді.

5-қадам: Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар ертегінің басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.

Дескрипторлар:

үзіндінің тақырыбы мен идеясын талдайды;

өз көзқарасын жеткізеді;

кестені тапсырмаға сай толтырады.

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Шығарма бойынша берілген кестені толтыр.

2-тапсырма

«Түйінді ой» әдісі

Оқушы ертегі туралы түйінді ойын екі сөйлеммен жеткізеді.

Үйге тапсырма: Рөлдік ойындар дайындап келу

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу