«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


І бөлім: Туған жерім - аялы алтын бесігім

«Аяз би» ертегісі

Сабақ тақырыбы

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа айту

Ойын шарты

«Палуба»- дереу жұптарын іздестіріп, екі-екіден еденді тазалуды иммитацияла. [Оқушылардың жұптық тобы]

«Суға батып барады» тезірек сыртта жүрген кез келген оқушыны құтқару үшін кемеге отырғызу кейпін бейнеле. [Оқушылардың 3-тік тобы]

«Түскі ас»- төрт-төрттен бірігіп, ас ішіп жатқан күйді иммитацияла. [Оқушылардың 4-тік тобы]

«Кемеге отырамыз» бес-бестен бірігіп топтан. [Оқушылардың 5-тік тобы ]

Оқушылар 2,3,4,5 оқушыдан құрылған топтарды құрады.

Топқа бөлін!

Ертегі тіліне тән белгілерді берілген үзіндіден анықтаңыз.

Ертегінің негізгі кейіпкері кім деп ойлайсың? Неге?

Ханның іс әрекетіне қандай баға берер едің? Ақымақтық немесе даналық, көрегендік деп танисың ба? Өз көзқарасыңды үзінді негізінде дәлелде.

Уәзірлер құстың, шөптің, адамның жаманын қандай белгілеріне қарап таныды? Уәзірлердің шешімін дұрыс деп танисың ба? Неліктен?

Неліктен Жаман өзін Жаман адам деп есептейді? Өз болжамыңды айт.

1- топ тапсырмасы

Сұрақтар мен тапсырмалар:

«— Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді» деп ханның күдіктенуіне не нәрсе болды деп ойлайсың?

Адамның жаманы бола ма? «Жаман адам» деген ұғымға қатысты пікірің қандай?

Неліктен Жаман өзін «жаманмын» деп есептейді? Жаманның орнында болсаң, өзіңді жаманмын деп баға берер ме едің?

Неліктен халық ертегі кейіпкеріне «Жаман» деген ат қойды?

Жаманың құстың жаманы сауысқан, шөптің жаманы қарақоға деп тануына не түрткі болды деп ойлайсың?

2-топ тапсырмасы

Неліктен хан өзін сынатты деп ойлайсың? Өзінен күдіктенгендіктен бе?

Ханның қарадан шыққанын Жаман қай әрекетінен таныды? Шығармадан дәлел келтір.

Ханның өз тағын Жаманға ұсынуы наубайдың баласы болғандығы үшін бе әлде Жаманды хан тағына лайық деп тануынан ба?

Анасының әрекетіне қатысты шешімімен қаншалықты келісесің?

«Зәрлі хан» деп атауы атына заты сай екендігімен байланысты ма?

 

3-топ тапсырмасы

«Өзімнен асқан ақылы артық кісіге тием» деуі қыздың қандай бейнесін ашады?

«Гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас» арқылы нені жұмбақтады деп ойлайсың?

Саған осы заттарды берсе қандай жауап айтар едің?

Сенің ойыңша, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін?

«Қалада қара болса да, байлығы менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар» Ханның Уәлі байды неліктен байлығын өзімен қатар бай деп баға береді?

 

4-топ тапсырмасы

Диалог кімнің арасында жүріп жатыр деп ойлайсың? Неліктен?

Ертегі үзіндісінен ертегінің қай түріне (қиял-ғажайып, шыншыл, тұрмыс салт) жатқызар едің? Неліктен?

Берілген эпизод Жаманның қандай бейнесін ашты деп ойлайсың? Дәлелде.

Қалай ойлайсың, Жаман адамға берген сертін бұзбайтынын дәлелдей алды ма?

Ханның әрекетіне қатысты қандай баға берер едіңдер? Неліктен?

5-топ тапсырмасы

Қырық уәзірдің бір Жаманға татымайтындығын мысалмен дәлелдеңдер.

«Тақсыр, шынында, ол әйел сізге лайық әйел» деп уәзірлер неліктен ханға лайық деп таныды?

Ертегінің бас кезіндегі хан әрекетінің қазіргі кездегі әрекетіндегі айырмашылық бар ма? Неге?

Оқиға қалай өрбуі мүмкін? Өз болжамдарыңды айтып, жалғастыр.

Ертегінің соңы жақсылықпен аяқталады деп есептейсің бе? Неліктен?

6-топ тапсырмасы

«Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» мақалы Аяз биге қатысы бар ма?

Ертегі неге «Аяз патша» емес «Аяз би» деп аталған? Неліктен Жаманға «Аяз би» деп ат қойды?

Адамның пенделік әрекетіне қай әрекетін жатқызар едің? Неліктен?

Аяз би адамның пенделік қасиетінен қалай сақтанғысы келді?

«Аяз би» ертегісіндегі ертегілік сипаттағы сөз орамадарына және шыншыл ертегіге жататына нақты дәлел келтіріңіз.

 

7-топ тапсырмасы

Бағалау дескрипторы

Жұптық бағалау

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу