Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (он жетінші тарау). Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (17-тарау)

Оқу мақсаты: А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады, қарама-қарсы суреттеулерді таба алады

  • Әңгіменің мазмұнын біледі;
  • Салыстыру жасай алады.

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.

  • Суреттеулерді таба алады;
  • Шынайы өмірмен

байланыстыра алады.

1-тапсырма. ЖЖ. Салыстырмалы карта.

Орыс тілі сабағы. Анфиса Михайловна Пушкиннің «Қысқы кешін» жатқа сұрап жатқан кезі. Осы үзіндіні оқи отырып, Жантас пен Қожаға салыстырмалы мінездеме беріңдер.

Жантас

Қожа

Кейіпкердің мінезін сипаттауға және келтірілген салыстырма сөздердің дәйектемесі

Кейіпкердің мінезін сипаттауға және келтірілген салыстырма сөздердің дәйектемесі

2-тапсырма. ТЖ. Композициялық құрылымына талдау.

 

  • Оқиғаның басталуы. _________________________________________
  • Оқиғаның байланысы. ________________________________________
  • Оқиғаның дамуы. ____________________________________________
  • Оқиғаның шарықтау шегі. _____________________________________
  • Ой түйіні, шешімі. ___________________________________________

3-тапсырма. Ж. «Бұл кім және қай сәт?»

Бұл қай сәт?  “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

Бұл қай сәт?  “Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді.Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.”

Бұл кім? “Шыбыным, әйтеуір ешкімге  тимей, ұрынбай, жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.”

Бұл кім?  “Жаңа оқытушы  бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...”

 Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ  жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.”

3-тапсырма. ТЖ. «Ақыл-ой картасы»

Оқушылар Қожаға қатысты «Ақыл-ой картасын» сызу үшін төмендегі айдарларды қолданады:

Түрі қандай?

Не айтты және қалай сөйлейді?

Ол не істейді?

Ол туралы басқалар не ойлайды?

Автор көзқарасы

Оқушы көзқарасы

Автордың кейіпкерді суреттеуге қолданған маңызды жолдарын көрсетеді

Автордың суреттеуі арқылы қалыптасқан өзіндік ой

[attachment=27265:5-synyp_aza-debieti_meni-atym-ozha-17-tarau_alyptastyrushy-baalau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу