Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (он жетінші тарау). Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.
Сөйлемдерді құрастыру арқылы топқа бөліну:
1-топ: Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын.
2-топ: Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен.
3-топ: Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді.
4-топ: Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.
17-тарау
... Анфиса Михайловна тақтаға шақырып сұрай бастады. Әуелі Балабекова деп, Жанарды атады. Жанар сабаққа дайындалмай келуші ме еді.
Буря мглою небо кроет,
Вихри снежные крутя, — деп бастады да, сыдыртып, тоқталмай айтып шықты.
- Жарайсың, Балабекова, отыр.
«Жарайсыңды» Жанарға ішімнен мен де айтып жатырмын. «Япыр-ай, енді мені шақырып қалмаса игі еді. Жазған басым, кеше осы ӛлеңді бір жапырақ қағазға көшіріп, балыққа ала кетсем ғой, ерігіп демалып отырғанда теп-тез-ақ жаттап алам».
- Тұрсынбаев, — деді мұғалім. Менің желкемнен қылқиып, арт жатымда отыратын Жантас орнынан түрегелді.
- Буря мглою...
- Тақтаға шығып айт.
- Бәрібір емес пе?
Ох, сұмпайы Жантас. Сұмпайысын қарай гөр. Партаның астына кітапты ашып қойып, бір көзі мұғалімде болса, бір көзімен соны сығалап тұрмақшы ғой. Өйтіп көрген күнім құрсын да. Жантастың пасық қулығына жем бола қоятын адам Анфиса Михайловна емес.
- Тәртіп жұрттың бәріне бірдей. Тақтаға шығып айт, — деп, ол дегенінен қайтпады. Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып тақтаға шықты.
- Ал енді айт.
- Буря мглою... — Жантас осыны айтты да, жым болды.
- Дальше?
- Мұғалім, мен жаттамай келіп едім...
- Неге жаттамадың?
- Диірменге барам деп... уақытым болмай...
Анфиса Михайловна Жантасқа біраз қарап тұрды да:
- Мүмкін, орныңа барып айтатын шығарсың? — деді. Біз ду күліп жібердік.
- Отыр, Тұрсынбаев. Осымен, міне, екінші рет «екілік» баға алып отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келгеніңмен қоймай, қулыққа басып, мұғалімді алдамақ боласың. Бұның жаман. Бұдан былай мұндай қылығыңды маған көрсетпейтін бол. Білсең, білемін деп, білмесең, білмеймін деп, шыныңды айт.
Сол керек, залым Жантас. Кірмегенің қара жер, сауап болды. Біреуді атыстырып, зымияндық ойлағанша, сабақ оқысаң болмас па еді. Бір ойым осылайша Жантасты табалап жетісіп жатса, екінші ойым төбемнен тас құлауын күткендей үрейлі халде. «Қазір тақтаға сені шақырса қайтесің? Сен не деп сылтау айтасың? «Сұлтан екеуіміз балық аулап, қарақшылық өмірдің қамын жасаумен болдық» демекшімісің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?