Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (он жетінші тарау). Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (он жетінші тарау)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы

Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстырады;

Әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырады.

Ресурстар

http://www.ikitap.kz/audiobook/2230-menin_atim_koja_povr/2230-menin_atim_koja_povr

https://www.youtube.com/watch?v=JQz1_Zi3JO0

Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады, қарама-қарсы суреттеулерді таба алады;
  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Дескриптор

  • Әңгіменің мазмұнын біледі;
  • Салыстыру жасай алады;
  • Суреттеулерді таба алады;
  • Шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

 Титықтап, дәйектеме, композиция, сюжет, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

5мин

Сабақтың ортасы

8мин

10мин

5мин

10мин

3мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;
  • Топқа бөлу: берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.

1-топ: Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын.

2-топ: Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен.

3-топ: Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді.

4-топ: Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

1-тапсырма. ЖЖ. Салыстырмалы карта.

Орыс тілі сабағы. Анфиса Михайловна Пушкиннің «Қысқы кешін» жатқа сұрап жатқан кезі. Осы үзіндіні оқи отырып, Жантас пен Қожаға салыстырмалы мінездеме беріңдер.

Жантас

Қожа

Кейіпкердің мінезін сипаттауға және келтірілген салыстырма сөздердің дәйектемесі

Кейіпкердің мінезін сипаттауға және келтірілген салыстырма сөздердің дәйектемесі

2-тапсырма. ТЖ. Композициялық құрылымына талдау.

 

  • Оқиғаның басталуы.
  • Оқиғаның байланысы.
  • Оқиғаның дамуы.
  • Оқиғаның шарықтау шегі.
  • Ой түйіні, шешімі.

3-тапсырма. Ж. «Бұл кім және қай сәт?»

Бұл қай сәт?  “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

Бұл қай сәт?  “Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді.Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.”

Бұл кім? “Шыбыным, әйтеуір ешкімге  тимей, ұрынбай, жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.”

Бұл кім?  “Жаңа оқытушы  бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...”

 Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ  жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.”

3-тапсырма. ТЖ. «Ақыл-ой картасы»

Оқушылар Қожаға қатысты «Ақыл-ой картасын» сызу үшін төмендегі айдарларды қолданады:

Түрі қандай?

Не айтты және қалай сөйлейді?

Ол не істейді?

Ол туралы басқалар не ойлайды?

Автор көзқарасы

Оқушы көзқарасы

Автордың кейіпкерді суреттеуге қолданған маңызды жолдарын көрсетеді

Автордың суреттеуі арқылы қалыптасқан өзіндік ой

Бағалау критерийі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады, қарама-қарсы суреттеулерді таба алады

  • Әңгіменің мазмұнын біледі;
  • Салыстыру жасай алады.

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.

  • Суреттеулерді таба алады;
  • Шынайы өмірмен

байланыстыра алады.

Сабақтың соңы

4мин

Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі»

1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

Үйге тапсырма

«Түбі адам болатын бала» бөлімін оқып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу