Қазақ драма театры мен кинематография. Кино өндірісі мен театр өнерінің мүмкіндіктері. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.


Жеке жұмыс.

Оқылым мәтінін оқып, түзетулер енгізіңіз.Тыныс белгілерді қойып, мәтінді қайта редакциялаңыз.

Бағалау критерийі:

азат жолдарды ретімен бөліктерге бөліп жазады;

ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады;

мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді; (қарамен белгіленген)

ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады;

мәтінді өңдеп, редакциялайды.

Мәтін.

Ең әуелі театрлар заманға байланысты заманауи түрге көшіп келеді. Соның салдарынан кейбір құндылықтар, яғни театр құндылықтары, театр мəдениеті сəл тұралап бара жатқандай. Сондай-ақ, сөздің тақырлығы, ойдың тапқырлығы нағыз көрерменді де, жаңадан келген көрерменді театрдан көңіл үзуге итермелейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» - деп зор баға берген.

Қоғамның дамуына байланысты бұл өнер саласында да өзіндік өзгерістер орын алып отыр.

Алайда бұл айтылғандар театрдың болашағы жоқ дегенге ешқандай да дəлел емес. Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтің сөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі». Үшіншіден, киноматография мен бұқаралық ақпарат құралдарының да әсері зор. Адамдар театрға барғаннан көрі, жоғарыда аталған құралдарды тұтынуға көбірек қабілетті. Кино мен бұқаралық құралдар адамды үйден шықпай-ақ көңілін көтеруге жағдай жасап отыр. Айтпашқы, бүгін 27 наурыз халықаралық театр күні. Бұл күн – театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, тегіс өнерсүйер қауымның төл мерекесі. Сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы 1961 жылдан бері тойланып келеді. Барша театр өнерпаздарын мерекелерімен құттықтаймыз Екіншіден, театрға бару үшін адам дайын болуға тиіс, алайда қазіргі тірлік тоқырақтап, қыспаққа алып тұрғанда, адамдарға театр көруге уақыты бола бермейді. Яғни, сананы жағдай билеген уақытта рухани құндылықтар туралы ойлану өте қиын.

Дұрыс түзетулер:

сананы тұрмыс билеген, тірлік тұқыртып, күллі өнерсүйер қауым, сəл кері кетіп бара жатқандай, сөздің таяздығы, ойдың тарлығы, күдер үзуге; кір жуытпас үшін.

Оқушылар топ ішінде сағат тілімен бір- бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды, үлгі жұмысты ұсынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу