Қазақ драма театры мен кинематография. Кино өндірісі мен театр өнерінің мүмкіндіктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.


Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі.

Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану

Оқу мақсаты

11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Ой шақыру

Ой шақыру.

-Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?

- Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер?

Жұптық жұмыс

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі қандай?

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін ?

Жеке жұмыс.

«Театр тәрбие құралы» деген тақырыпта театрдың адам өміріндегі рөлін ашып, берілген ойды жалғастырып, көпшілік алдында сөйлейтін сөзді жазыңыз. 70-80 сөз.

Құрметті өнер сүйер қауым!

Шын мəнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, олүлгі, олтәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді.

Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану...

Бағалау критерийі:

ойды дамытып, азат жолдарды бөліктерге бөліп жазады;

ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады;

мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді;

мәтінді толықтырып, редакциялайды.

Жұпта оқушылар жұмыстарын ауыстырып оқиды, тексередіі, қателерді түзетеді, редакциялайды. Бір бірін бағалайды, үздік жұмысты жариялайды. Сынып адында оқып, сынып болып бағалайды.

«Табыс ағашы» әдісі

жасыл – «барлығын дұрыс істедім»,

сары – «қиындықтар болды»,

қызыл – «қателер көп болды».

Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу