Қазақ драма театры мен кинематография. Кино өндірісі мен театр өнерінің мүмкіндіктері. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.
1-тапсырма.
Ой шақыру.
-Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?
- Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер?
2-тапрсырма.
Жұптық жұмыс. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі қандай?
Көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін ?
Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
Батылдық, тәуекел, сенімділік, әдепті мінез, сөздерді дұрыс қолдану, асықпай анық сөйлеу, дауыс ырғағы, шешендік,ойды мәнерлі, әсерлі жеткізу, | Ұялшақтық, қысылу,сенімсіздік, дөрекі мінез,сөзге шорқақтық,ойды жеткізе алмау, сөздік қордың аздығы, сабырсыздық, тілді шұбарлығы, дауыс ырғағын сақтамау. |
3-тапсырма
Жеке жұмыс.
«Театр тәрбие құралы» деген тақырыпта театрдың адам өміріндегі рөлін ашып, берілген ойды жалғастырып, көпшілік алдында сөйлейтін сөзді жазыңыз. 70-80 сөз.
Құрметті өнер сүйер қауым!
Шын мəнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану...
Бағалау критерийі:
ойды дамытып, азат жолдарды бөліктерге бөліп жазады;
ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады;
мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді;
мәтінді толықтырып, редакциялайды.
даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?