Театр өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 10

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Театр өнері

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.1 көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Сабақтың мақсаты

Интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін біледі.

Жанрлық ерекшелігін талдайды.

 Бағалау критерийлері

 

  • Интервьюдің құрылымын анықтай алады;
  • рәсімделуін біледі.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Интервью, жанрлық ерекшелік, рәсімделуі.

 Құндылықтар

Құрмет,ашықтық,өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сыныптарда оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

 

 

5 минут

5 минут

10 минут

Оқылым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушыларға әуе шарының суретін ұсынады да, оқушыларға интервью жанрын «әуе шары» ретінде елестетуді сұрайды және талқылау сұрақтарын ұсынады.

  • Әуе шарының сәтті ұшуына қандай кедергілер болуы мүмкін?
  • Әуе шарының сәтті ұшуына не ықпал етеді?
  • Әуе шарының ұшуына кім жұмыс жасайды?
  • Әуе шарында кімдер ұша алады?

Оқушылар қиялдарына ерік беріп, жауап береді.

Кейін мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып, интервью жанры туралы теориялық түсінік береді.

Мұғалім оқушыларға интервью жанры және оның құрылымдық ерекшелігі туралы түсінік береді.

Интервью латын тілінен аударғанда «әңгімелесу» дегенді білдіреді. Интервьюде әңгіме қоғамда танымал, қызықты тұлғамен өрбиді. Интервью – пікірталас, әңгімелесу. Публицистиканың жанрына кіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды.

Интервьюдің құрылымы.

Интервью мәтіні үш бөлімнен тұрады.

Біріншісі – тақырыпқа кіріспе, кейде «лид» деп те атайды.

Екіншісі – негізгі бөлім. Бұл бөлім сұрақ-жауаптан тұрады.

Үшіншісі – қорытынды бөлім. Бұл бөлімде респондент пен журналист арасындағы әңгіменің логикалық қорытындысын жариялайды.

Кіріспе бөлім.

Интервьюдің кіріспе бөлімінде тұлғаны таныстыруды мақсат етеді. Журналистикада жиі кездесетін «лид» түрлері. Лид-анықтама, лид-орын, лид-тарих, лид-цитата.

Негізгі бөлім.

Негізгі мазмұндық бөлімі журналистің сұрақтары мен оған берілген жауаптардан тұрады.

Қорытынды бөлім.

респондент пен журналист арасындағы әңгіменің логикалық қорытынды

Интервьюді рәсімдеу.

Сұқбат беруші адам туралы ақпарат беріледі.

Сұқбат алушы журналистің аты-жөні публикацияның соңына жазылады.

Сұрақтар қарамен ерекшеленеді.

Сұрақтар мен жауаптардың алдына сызықша қоюдың қажеті жоқ.

Сұрақ мен жауап арасында орын қалдырылады.

Оқылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға «Есләм Нұртазин: Қазақ театр өнеріне жаңа толқын келе жатыр деп ойлаймын» тақырыбындағы интервью мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды.

Тапсырма.

  • Интервьюдің құрылымы сақталған ба?
  • «Лидтің» қандай түрі қолданылған?
  • Интервью қалай рәсімделген?
  • Жанрлық ерекшелігі мен құрылымы, рәсімделуіне қатысты жеке пікіріңізді білдіріңіз.

Дескриптор.

  • Интервьюдің құрылымын ажыратады.
  • Рәсімделуін анықтайды.
  • Ұсыныс білдіреді.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалап, кері байланыс береді.

Тапсырма.

  • Сұқбаттағы ең қызықты сұрақ?
  • Сұқбат берушінің ең тосыннан берген жауабы?
  • Сұқбаттың түйіні.
  • Қисынсыз сұрақ болды ма?
  • Сұқбаттағы екі сұрақты таңдап, өзіңіз жауап беріңіз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Рөлге еніңіз.

Жұпта журналист пен театр актерінің рөліне еніп, сұқбат жүргізіңіз.

Осы тақырып аясында бір сұрақ құраңыз да жұбыңыздан жауап алыңыз.

Рөлдерді ауыстыруға болады.

Таныстырылым

https://www.oner.kz/theatre/view/8766-eslam-nurtazin-kazak-teatr-onerine-zhanga-tolkyn-cele-zhatyr-dep-ojlajmyn

https://www.slideshare.net/elena_klucheva/ss-45280763

https://students-library.com/library/read/40483-intervu-susnost-struktura-zanrovoe-naznacenie

Сабақтың соңы

2 минут

Мұғалім бағалау критерийлеріне қайта орылып, оқушылармен бірге қаншалықты қол жеткізгенін талқылайды.

Таныстырылым

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу