Қазақтың театр өнері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


2 -сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Театр тарихы

 Қазақ өнерінің қара шаңырағы, қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда  қаласында ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды.  Театр шаңырағын көтеруге С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов,  Қ.Бадыров,  Қ.Жандарбеков, тағы да басқа «самородок сары алтын» актерлер ат салыстыТөкпе ақын И.Байзақов, атақты әнші Ә.Қашаубаев, палуан Қ. Мұңайтпасовтар да осы қатардан табылды. Сондай-ақ театр өміріне З.Атабаева, М.Шамова, А.Абдуллина, Ш.Байзақова, О.Қашаубаева,  Ж.Шанина, Д.Оңғарбаевалар белсене араласты. Театрдың ең алғашқы режиссерлері С.Қожамқұлов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев еді.

Қоғамдық құрылым өзгеріп, жаңа өмірге біртіндеп бейімделе бастаған бұқараны тәрбиелеуде өнердің ролі үлкен болды. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында үлкен нәубетке ұшыраған қазақ халқы үшін білім мен мәдениет, өнердің аса зор маңызын қазақ зиялылары да қатты түсінді, сондықтан да қазақ театрының ашылып, еңсе тіктеуіне  Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Шанин, Қ.Сәтбаев, О.Беков, т.б.  көптеген қайраткер ат салысты. Олардың қатарында сол кездегі Қазақстан Халық ағарту комиссариатының бастығы С. Садуақасов, ал, театрдағы шығармашылық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарында ерекше көзге түскен алғашқы директоры Д. Әділов, тағы басқалар болды.

https://www.auezov-theatre.kz/kk/about/history

Мен қалай әртіс болдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу