Себеп-салдар салалас. Бостандық. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 2 сабақ.
Қосымша 1
1-ТАПСЫРМА (топтық)
Топ болып бейнебаяндағы мәселелерді анықтаңыз, салдарлары мен себептеріне алгоритм негізінде пікір білдіріңіз, жауабыңызда салалас құрмалас сөйлемді қолданыңыз:
1-топ:
- қандай мәселелерді көруге болады
- не себепті осындай жағдайға душар болды
- егер кейіпкерлердің құқықтық сауаты жоғары болса, қасіретті алдын алуға болар ма еді?
- Салалас құрмалас сөйлемді қолдануы
2-топ:
- қандай мәселелерді көруге болады?
- Кейіпкерлер және одан тыс жандар қандай салдарларға душар болды деп ойлайсыздар?
- Бұндай салдарларды алдын алуға болар ма еді?
- Салалас құрмалас сөйлемді қолдануы
3-топ:
- Кейіпкерлердің еркіндік туралы ұғымын қалай болжар едіңдер? Олардың ойынша еркіндік деген не?
- Сіздердің ойларыңша еркіндік деген не?
- Заңмен жүру, ережемен жүру еркіндігіміз бен бостандығымызды шектемей ме? (саралау сұрағы, күрделендіру)
- Салалас құрмалас сөйлемді қолдануы
4-бағалаушы топ:
- Әр топтың жауабы қаншалықты жүйелі, нақты айтылды
- Жағдаятты бағалауына берген пікірлері
- Қандай аргументтер келтіре алды
- Салалас құрмалас сөйлемді қолданған сөйлемдерін жазу, бағалау
Қосымша 2
2-ТАПСЫРМА (жұптық)
Төменде берілген цитаталардың мағынасына қарай өз қалауларыңмен бірін таңдап, несімен ерекшеленетінін, астарлы ойын жұбыңызбен талқылап, түсіндіріңіз (талдау барысында, түсіндіруде салалас-құрмалас сөйлемді қолдануды ескеріңіз)
Бағалау:
Мұғалім критерийлер арқылы жұптың жауабына кері байланыс береді:
- Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді
- Мәтіндегі автор көзқарасына пікір білдіреді
- Мәтіндегі мәселенің салдар мен себептеріне баға береді
- Өзіңді рахаттандыратын іспен айналысу, бостандық болып табылады.
- Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. (Ғабит Мүсірепов)
- Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. (Әлихан Бөкейханов)
- Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды. (Маргарет Тэтчер)
- Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады. (Саиф Сараи)
- Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. (Әлихан Бөкейханов)
- Демократия - жүгенсіздік емес,Бостандық - жүйесіздік емес. (Шерхан Мұртаза)
- Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. (Ғабит Мүсірепов)
- Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды! (Әлихан Бөкейханов)
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды