Былғары қолғап. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 7 сабақ
Салт және сабақты етістіктер
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? Мен - бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді – толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз – анықтауыш.Бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.Досыма (кімге?) бардым, төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.
Салт етістік — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады. Зерттеушілер мұндай қосымшаларды сөзжасам қосымшалары дейді, ал салт және сабақтылық белгіні етістіктің полисемдік немесе омонимдік сипатын ажырататын шарт ретінде ұсынады. Яғни бірдей айтылатын етістіктер әр уақытта тек салт не тек сабақты мәнде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним ретінде танылады. Салт және сабақтылық қасиет түбір етістікке ғана емес, туынды, күрделі етістіктерге де тән.
Сабақты етістік — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі. Табыс септікті тура толықтауышты меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай етістіктер салт және сабақты болып бөлінеді. Салт және сабақтылық категориясы етістіктің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. Оның субъекті мен объектінің грамматикaлық (синтаксистік) қатынасын өзгертіп отыратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Мысалы, құданы шақыр, ақиқатын біл, қымызды сапыр. Салт және сабақты етістіктер жіктелімі ежелден қалыптасқан құбылыс. М.Қашқари “Диуани лұғат ат-түрк” сөздігінде бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты тұлғада жұмсалуына көптеген деректер келтірген. Мысалы, Ол меңе үстерді — Ол мені жеңуге тырысты. Ол қылмыш ышын үстерді — Ол істеген ісінен тануға тырысты. Мұндай тілдік деректер 11 ғасырда сабақты және салт етістік категорияларының көрініс тапқанын көрсетсе, екінші жағынан, қазіргі тілімізде де бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты мәнде қолданылуы кең етек алғанын танытады. Сабақты етістіктер жасауда өзгелік етіс жұрнағы ерекше қызмет атқарады. Қазақ тіліндегі салт етістіктер өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақты етістікке айналады. Мысалы, жеткіз, көндір, қуант, т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды